«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Татарстан Қазақстанмен іскерлік байланысты нығайтып жатыр

2022 жылғы 12 Қазан
- Алматы қаласы
5418 просмотров

Алматыда «Атамекен» Алматы аәсіпкерлер палатасы мен «Татарстан Республикасының сауда-өнеркәсіп палатасы» одағының кездесуі өтті.

Жиын модераторы, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов екі ел арасындағы тығыз дипломатиялық және экономикалық байланыстарды атап өтті.

«Татарстан үкіметі мен Қазақстан үкіметі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық қағидаттары туралы келісімге 1997 жылдың 25 тамызында қол қойылған. Елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар барысында ынтымақтастық нығайып, стратегиялық әріптестік деңгейіне жетті», – деді Айтуар Қошмамбетов.

Спикердің айтуынша, Қазақстан экономиканың мұнай-газ, машина жасау салаларындағы жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша Татарстанның жетекші шетелдік серіктестерінің бірі.

«2021 жылы екіжақты тауар айналымы 630 млн долларды құрады. Алдағы жылдары тараптар бұл көрсеткішті 1 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр. Бұл сандар екіжақты ынтымақтастықтың үлкен болашағы туралы айтады. Кәсіпкерлеріміздің кездесуі барлық саладағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға үлкен серпін беретініне сенімдімін», - деп қосты Айтуар Қошмамбетов.

Палата директоры «Атамекен» ҰКП қызметі туралы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарының тегін қызметтері мен өзара әрекеттесу жолдары туралы айтты.

Алматы әкімдігінің өкілі делегацияның сапары аясында Қазақстан Ресей Федерациясының азаматтары үшін 90 күнге визасыз режим енгізіп жатқанын еске салды.

«Бұл Татарстандағы бизнес үшін ғана емес, туристер үшін де жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектеседі. Алматыға сапар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға серпін беріп қана қоймай, біздің қарым-қатынастарымызда үлкен бетбұрыс болады», - деді Александр.

«Татарстан Республикасының Сауда-өнеркәсіп палатасы» одағы төрағасының орынбасары Марат Ахматов екі ел арасындағы берік достық қарым-қатынасты атап өтті.

«Бүгінде Татарстан Ресей аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы бойынша ТОП-5 рейтингінде. Қазан Ресей қалаларының тұрақты даму рейтингінде 4-ші орында. Біз Қазақстанмен іскерлік байланысты кеңейткіміз келеді. Біз барлық мүмкін салаларда серіктестікті дамытуға ниеттіміз. Бүгінде өнеркәсіп өнімдерін, энергетикалық ресурстарды, құрылыс материалдарын және басқа да тауарларды экспорттау мен импорттауға үлкен мүмкіндік бар», – деді Марат Ахматов.

Одан кейін Татарстан кәсіпкерлері өз компанияларын таныстырды. Ресми бөлімнен кейін екі елдің кәсіпкерлері B2B форматында келіссөздер жүргізді. Татарстанның көптеген кәсіпкерлері қазірдің өзінде елдің солтүстік өңірлеріндегі кәсіпорындармен ынтымақтастық орнатуда. Бұл жолғы сапар алматылық кәсіпкерлермен ынтымақтастық орнатуға бағытталған.

Татарстандық делегация құрамында мұнай-газ өнеркәсібіндегі өндіріс «IPC» ЖШС, «Авиатор» электронды аспаптар технопаркі, «Ак Барс Керамик» керамикалық бұйымдары, «Технотранс-НК» логистикалық компаниясы, энергетика- үнемдеу құрылғылары АЭС «РУ-Инжиниринг» , Казанская Ярмарка көрме орталығы, металл кескіш аспаптарды, станоктар мен жабдықтарды сату «Тиамат» ЖШС, «PARTNER» ЖШС рекрутингтік компания, «СтройХолдинг» ЖШҚ мектептер мен газ толтыру станцияларының құрылысы, «ERL SYSTEM» тоңазытқыш қондырғыларының өндірісі» ЖШС, Мейрамхана бизнесінің жеке кәсіпкері Айрат Ғарипов, сусындар саудасының жеке кәсіпкері Ильшат Шарифуллин, «TYUBETEY UK» ЖШС мейрамханалар желісі, «СБТ өндірістік-инжинирингтік компаниясы» ЖШС, «КАМАЗ» сауда компаниясы» ЖШС.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер