«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда қыз-келіншектер кондитерлік істің қыр-сырын игерді

2022 жылғы 12 Тамыз
- Алматы қаласы
7393 просмотров

 Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы кондитерлік іс бойынша тегін курс өткізді.

Оқу мамандандырылған колледжде «кондитер-безендіруші» курсы бойынша жеке бизнесті бастау және дамыту мақсатында ұйымдастырылды.  Бүгін кондитерлік салада өз ісін ашуға ниетті 30 әйел оқуын сәтті аяқтап, сертификат алды.

Бір айдан астам уақыт «Перспектива» колледжі білім беру ұйымы» ЖШС-нің шеф-кондитері, өндірістік оқу шебері Гүлмира Аюпова бойы тыңдаушыларды кондитерлікке үйретті.

«Менің айналысып жүрген бірнеше кәсібім бар, олардың бірі – кондитерлік бизнес. Мен нан-тоқаш, торт пісіруді кәсіби түрде үйренгім келді, бірақ мұндай курстар қымбат тұрады. Алматы қаласының әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының көмегімен мұндай мүмкіндікті тегін алдым. Мен үшін кондитер ісінің жаңа әрі қызықты әлемі ашылды», – дейді курс тыңдаушысы, көп балалы ана Ардақ Шынтемірова.

Енді келіншек печенье, бәліш, торттарды шығаратын шағын цех ашқысы келеді.

«Әр әйелдің сүйікті рецептері, фирмалық кондитерлік өнімдері, тағамдары бар. Бірақ кәсіптік оқыту –  ең алдымен технологияны, рецептураны сақтау. Кондитерлікті бизнес ретінде қарастырған кезде технологияны сақтау маңызды компоненттер. Біз бұл курсты Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы аясында ұйымдастырдық, олар кәсіби кондитер бола тұра, жаңа істе өз күштерін сынап көре алады», – деп атап өтті Алматы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ақеркін Ералиева.

Алматыда 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 295 861 бірлікті құрады. Оның ішінде әйелдер басқаратын ШОК субъектілерінің саны 126 052 бірлік. Демек, әйелдер басқаратын бизнес-нысандар саны барлық ШОК субъектілерінің жартысына жуықтап қалды. Бұл бизнесті дамытудағы жақсы тенденция.

Орталық жұмысы Азия Даму Банкі және Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасы қаражаты есебінен қаржыландырылады, ал «Атамекен» ҚР ҰКП бұл бастаманы жүзеге асырып жатыр.  Айта кетейік, Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары Ұлттық экономика министрлігінің «Ынтымақтастық қоры», ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия және «Атамекен» ҰКП серіктестігі аясында Қазақстанның 14 өңірінде ашылды.

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында төрт айда 415 әйел кеңес алды. Қазір орталықта тігін және пішу бойынша оқу курсы жүріп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер