«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шахмат ойыны бизнес-ойлау дағдыларын жаттықтырады

2022 жылғы 20 Шілде
- Алматы қаласы
8250 просмотров

20 шілдеде Қазақстан шахмат федерациясының ұйымдастыруымен кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері, блогерлер және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен кездесу өтті.

Федерация өкілдері Қазақстан шахмат федерациясының даму стратегиясы, ұйым жұмысына барынша ашықтық қағидатын енгізу, алдағы олимпиадаға қатысу туралы мәліметтерді айтып, қонақтардың барлық сұрағына жауап берді.

 Қазақстан шахмат федерациясының Вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов жеткіншектер арасындағы үстел ойынының ауқымдылығы туралы айтты. Федерацияның миссиясы – шахматты дәріптеу, әлемдік жетістіктерге жету және даму үшін тең мүмкіндіктер жасау арқылы зияткерлік ұлтты қалыптастыру. Федерацияның жаңа құрамына бірқатар бизнесмендер мен меценаттар кірді. Федерация шахматты мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде енгізуге ниетті.

Федерацияның мәліметтері бойынша Қазақстанда шахматқа деген сұраныс жоғары екені байқалады. Халықаралық жетістіктер да жақсы. Қазақстанның шахмат бойынша әйелдер ұлттық құрамасы – әлемдегі ең жас және болашағы зор құрама. Еліміздің 200 мыңнан астам азаматы шахматты белсенді ойнайды, 50 мыңнан аса бала шахматпен айналысады. Қазақстан қоржынында 2015 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттарынан 40-тан астам медаль бар. Жастардың әлем чемпионаттары мен Азия чемпионаттарында 400-ден астам ұл мен қыз жүлделі орындарға ие болды. Қазіргі уақытта шахмат секциялары мен үйірмелерінде 30 мыңнан астам бала жан басына қаржыландырумен қамтылған.

Қазақстан шахмат федерациясының Вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов әйелдер құрамасының жетістіктерімен бөлісті.

 «Егер біз әйелдер құрамасы туралы бөлек айтатын болсақ, Қазақстанның командасы рейтинг бойынша бесінші, жас ерекшелігі бойынша ең жас команда, демек команданың әлеует зор.  Құрам өте үлкен резервке ие. Егер қазақстандық таланттар туралы айтсақ, онда Әсел Серікбайды атап өтуге болады, ол 2021 жылдың желтоқсанында әйелдер арасындағы шахмат әлем чемпионатында бесінші орын алған, биыл әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербек, бұған дейін олар басқа да түрлі жарыстарда бақ сынаған», – деп атап өтті Дәрмен Сәдуақасов.

Спикер өскелең ұрпақ арасында зияткерлік ойынды насихаттау мәселелері туралы айтты.

«Негізінде шахмат саласына қаржыландыру жеткіліксіз. Елімізде сапалы шахмат инфрақұрылымының болмауы салдарынан балаларға сабақ көп жағдайда жалға берілетін  үй-жайларда өткізіледі. Жеткілікті қаржыландырудың жоқтығы, инфрақұрылымның болмауы шахматшылардың балалардың кәсіби дайындалуына кедергі келтіреді», – деп атап өтті Дәрмен Сәдуақасов.

Спикер Өзбекстанда шахматтық білім беруді дамытудың жоғары үрдісін атап өтті. Көрші елде шахмат мектеп бағдарламасына міндетті пән ретінде енгізілген.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов федерацияның бастамаларын қолдады.

«Балаларды шахматқа жаппай оқыту – адами капиталға салынған жақсы инвестиция. Бұл бағытта Алматыда жақсы мүмкіндіктер бар. Федерацияның бастамаларынан басқа оңтүстік астанада түрлі үйірмелер мен мектептер жұмыс істейді. ArtSport бағдарламасы бойынша балалар шахматты тегін оқып жатыр. Шахмат үйірмелері мектептерде трендке айналуы тиіс», – деп атап өтті Айтуар Қошмамбетов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер