«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жазғы алаңдар мәселесі шешілді

2022 жылғы 11 Шілде
- Алматы қаласы
8085 просмотров

Дереккөз: pixabay.com

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге полиция жазып берген әкімшілік бұзушылықтар туралы хаттамалардың күшін жоюға және жазғы террасалар мен алаңдар бойынша рейдтерді заңсыз деп тануға көмектесті.

Жазғы маусым қоғамдық тамақтану нысандары бойынша полиция рейдтерінің кезеңін ашады. Терраса, ашық аспан астындағы алаңдар және жағалау аймақтарындағы тамақтану орындарына жүргізілген тексерулер салдарынан Алматы кәсіпкерлер палатасына қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерден шағымдар түсе бастады. Мысалы, Алмалы ауданы бойынша маусымда 300-ге жуық жазғы алаң жұмыс істейді.

 Қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлер палатаға құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымданды. Кәсіпкерлерге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 505-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған.

  «Алмалы ауданының әкімдігі Алматы қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, кәсіпкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, жазғы алаңдардың жұмысын тоқтату бойынша заңсыз рейдтер жүргізді», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің бастығы Нұрбол Ашербеков.

Сарапшының айтуынша, Алматыда жазғы алаңдарды ұйымдастыру және қызмет көрсетумен айналысатын адамдардың саны мыңнан асады. Маусымдық қоғамдық тамақтану орындары  бюджетті толтыру және өзге де әлеуметтік мәселелермен қатар жастардың еңбекпен қамтылуына қатысты проблеманы шешеді. Бүгінгі күні олардың қызмет тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық акт әділет департаментінде қаралып жатыр. Құжатты қала әкімдігінің бөлімшелері, оның ішінде кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы әзірледі, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палатасымен келісілді.

Кәсіпкерлердің шағымдарын қарап, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы Алмалы ауданы прокуратурасының атына жоғарыда аталған адамдардың іс-әрекеттерінің заңсыздығы туралы хат жолдады. Оның нәтижесі бойынша прокуратура Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалардың күшін жою туралы наразылық енгізді.

«Осылайша, прокуратурамен бірлескен жұмыс нәтижесінде бизнес субъектілерінің 349 800 теңге сомасында құқығы қорғалды», – деп атап өтті Нұрбол Ашербеков.

Палата заңды құқығы бұзылған жағдайда бизнес субъектілеріне Алматы қаласы палатасының әкімшілік кедергілерді азайту бөліміне жүгінуді ұсынады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер