«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Сары аймақ»: Алматыда коронавирусқа қарсы профилактикалық шаралар қолға алынды

2022 жылғы 04 Шілде
- Алматы қаласы
11363 просмотров

Дереккөз: Максим Золотухин

«Сары аймақ»: Алматыда коронавирусқа қарсы профилактикалық шаралар қолға алынды

Бүгін Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысы шықты. Оңтүстік астанада коронавирус ауруының өсуі 16 маусымнан бастап байқалды. COVID-19-ның жаңа өршуіне «стелс-омикрон» вирус түрі себеп болды.

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында қаланың санитар дәрігері аудан әкімдеріне, мемлекеттік органдарға, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасына, құқық қорғау және арнайы органдарға, мекеме басшыларына, қызмет ету формасына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға «ҚР-да коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы» бас санитар дәрігердің 2022 жылғы 25 наурыздағы №16 қаулысын және басқа да бірқатар шараны іске асыруды жалғастыруға қаулы етті. Жаңа қаулы 7 шілдеден бастап күшіне енеді.

 «Бизнес үшін ешқандай шектеу шаралары болмайды. Жабық нысандарда маска кию туралы ұсыныс бар. Сақтанып жүру маңызды.  Менің ойымша, егер барлық қауіп-қатерді алдын алса, онда кәсіпкерлер үшін ешқандай ауыр зардабы болмайды. Бизнестің вирустің таралуына жол бермеу үшін барлық құралы бар», – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.

 Палата директоры әркім өз денсаулығына жауапты екенін айтып, коронавирустық инфекцияға қарсы әр алты айда вакцинация мен ревакцинация жасау қажеттігін ұмытпауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеде Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанда коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы жағдайына шектеулерді мақұлдаған болатын. Өңір эпидемиологиялық ахуал бойынша «сары аймаққа» өткен жағдайда  келесі қосымша шараларды қабылдау туралы шешім қабылданды:

  • науқаспен жақын байланыста болған адамдарды қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру;
  • COVID-19 вакцинациясына қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлер және жүкті әйелдерді қашықтықтан жұмыс істеуге ауыстыру;
  • жабық мекемелерде және қоғамдық көлікте маска міндетті түрде кию
  • 10-нан астам адамның қатысуымен өтетін конференцияларды онлайн-форматқа көшіру ұсынылды.

Бас санитар дәрігердің қаулысымен мында  танысуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер