«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанға жаңа зауытттар қажет – кәсіпкерлер

2022 жылғы 03 Маусым
- Алматы қаласы
8706 просмотров

Бүгін Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының мамандары Түрксіб ауданындағы кәсіпорындарды аралап, Конституцияға енгізілмек түзетулерді  талқылап, дауыс берудің қарапайым шарттарын түсіндірді.

Түркісіб ауданы Алматы қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан. Қаланың бұл аймағында өндірістік және сауда алаңдар көп. Кәсіпорындардың жұмыскерлері кезесулерде белсенділік танытты.

«Президент бастамашы болған конституциялық реформа ұзақ мерзімді және стратегиялық сипатқа ие екенін түсіну өте маңызды.  Енгізілетін түзетулер іс жүзінде біздің өміріміздің барлық аспектісін қамтып, дамуға бастайды. Сондықтан бүкіл ел болып атсалысу маңызды. Қоғамның қолдауы болмаса, «Жаңа Қазақстан» құру мүмкін болмайды», – деді Алматы ӨКП Түркісіб аудандық филиалдың директоры Саят Бокишев.

 Еңбек ұжымдары референдумды қолдайды, дауыс беруге дайын.

«Ел дамуына өзгерістер керек, сөзбен емес іспен жүзеге асса. Ал алдағы референдум жаңа дамудың бастауы деп білемін. Елімізге жаңа зауыттар, жаңа жұмыс орындары қажет. Конститцияға өзгерістер ел игілігіне жұмыс істейді деп сенеміз. Сондықтан мен дауыс беремін», – деді «Соколова Татьяна» жеке кәчіпкерлігінің басшысы Татьяна Соколова.

Кездесулер барысында жұмыскерлер өз сауалдарына жауап алды. Сұрақтар негізінен дауыс беру алгоритмі, сайлау учаскелеріне қатысты болды. ӨКП мамандары  Конституцияға ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша кездесулер легін жалғастырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер