«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Референдумды қолдау жөніндe түсіндірме жұмыстары өз жалғасын табуда

2022 жылғы 02 Маусым
- Алматы қаласы
7021 просмотров

Бүгін, Кәсіпкерлер палатасының мамандары қалалық қоғамдық штаб мүшелерімен бірге Бостандық аудандағы еңбек ұжымдарымен кездесіп, осы жылдың 5 маусымында өткізілетін референдумның мақсаты мен маңызын түсіндірді.

Алдағы референдумда Ата заңымыздың 33 бабына яғни үштен бір бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Бұл түзетулер қазіргі транформация кезеңінен өтіп жатқан қоғамға бағдарланып отыр.

«Еліміздің Негізгі Заңына 5 рет Қазақстан халқының тікелей қатысуынсыз  өзгерістер енгізілген. Бүгін бізде халықтың ерік-жігерінің ең демократиялық және тікелей нысаны саналатын республикалық референдумға тікелей қатысуға бірегей мүмкіндік пайда болды. Сондықтан референдумға әркім үлес қосуы керек», – деді Алматы ӨКП Бостандық ауданының филиалының  директоры Сәбен Тынышқали.

Ең бастысы – елімізді демократияландыру процесі халықтың пікірін елей отырып жүзеге асатын болады. Осы ретте кездесуде сөз алған қызметкерлер өз ойларын ортаға салып, алдағы рефенендумға бір кісідей атсалысатындықтарын жеткізді.

 «Қазір, жастар саясаты қараусыз қалды, жастарға басшы болып, оларды сүйреп алып кететін лидерлер қалмады. Пандемия мүлдем басып тастады, қазір, осы жастар саясатына жанып келген жас көсбасшы келмесе қиындау болады. Жалпы-үлкен реформа керек. Сондықтан референдумға үміт зор», – деді қала тұрғыны.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер