«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлттық палата мамандары бүлік салдарынан сақтандыру туындаған кезде не істеу керегін айтты

2022 жылғы 13 Қаңтар
4290 просмотров

Өз мүлкін сақтандырған кәсіпкерлердің көбі әзірге сақтандыру қызметіне жүгіне қойған жоқ. Үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері кезінде не істеу керек және сақтандыру жағдайы басталған кезде іс-әрекет тәртібі туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары айтты.

Үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеті кезінде не істеу керек?

1-қадам. Болған жағдай туралы тиісті тергеу жүргізілуі үшін дереу құқық қорғау органына хабарлаңыз.

 2-қадам. Шығын көлемінің өсуіне жол бермеу үшін қажетті және қолжетімді шараларды қолға алыңыз.

3-қадам. Бүлінген мүлікті орнынан қозғамай, оны сақтандырушы келіп тексергенге дейін сол қалыпта сақтаңыз.

 4-қадам. Залал ауқымын белгілеңіз: алдын ала есептеулер, фото және видео жазбалар. Мүліктік құқықты растайтын бухгалтерлік және қаржы құжаттарын дайындап қойыңыз.

 5-қадам. Мүмкіндігінше қысқа мерзімде өтініш жазып, сақтандыру компаниясына хабарласыңыз. Болған оқиға, залал түрлері мен оның болжамды мөлшері туралы барлық белгілі мәліметті хабарлаңыз. Соңғы әрекеттерді сақтандыру ұйымымен келісу қажет болады.

 Сақтандыру ұйымдарының тізімі мен байланысы мына сілтемеде:

https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/financial-organizations/25?lang=ru

 

 


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер