«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кеңесте 289 компанияның мәселесін жария қарау сотта істі жеңіп алуға көмектесті

2021 жылғы 23 Қараша
- Шымкент қаласы
11411 просмотров

Мәселе Шымкент қаласында жұмыс істейтін шетелдік қатысуы бар компанияларға қатысты.

Жақында жергілікті салық қызметкерлері осындай компаниялардың бірін негізсіз сотқа тартты. Бұл жайт шетелдік инвесторлардың наразылығын тудырды. «КАТКА» қазақ-түрік кәсіпкерлері қауымдастығы жағдай шиеленіске соң Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасына көмек алу үшін жүгінуге мәжбүр болды. Түсіндіріп өтсек, Қаратау және Еңбекші аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары қауымдастық құрамына кіретін 16 компанияға қатысты олардың заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану және осы тіркеуді алып тастау туралы сотқа талап-арыз берген. Осы компанияларда «С5» санатындағы «бизнес-иммигрант» визасының болмауы сотқа арызданудың басты себебі болған. Бұл визаны компаниялар тіркеуге дейін алуға тиіс еді.

 Бұл талап арыздар кәсіпкерлік қызметпен айналысу мақсатында ҚР аумағына келген көшіп келушілердің көші-қон және салық заңнамасын сақтауын талдау бойынша ҚР Бас прокуратурасының тапсырмасын орындау шеңберінде Шымкент қаласы прокуратурасының ұсынысы бойынша салық органдары тарапынан бастамаланған. Шымкент қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының мәліметіне сәйкес, Шымкент қаласында тіркелген 289 құрылтайшыда «С5» визасы жоқ.

 «Халықтың көші-қоны туралы» заңға сәйкес, бизнес көшіп келуші ретінде келуге виза алмаған шетелдіктердің заңды тұлға құруына, сондай-ақ заңды тұлға қатысушыларының құрамына кіру арқылы коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуына тыйым салынады. Алайда, біз ҚР ІІМ қызметкерлерінен осы бапқа визасыз режимі бар елдердің азаматтары үшін «бизнес иммигрант» визасының талап етілмейтіні туралы бірқатар түсініктемелер алдық. Сонымен қатар, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР заңында заңды тұлға қатысушысының құрамына кіретін шетелдіктерде бизнес-иммигрант ретінде кіруге визаның болуы бойынша талаптар қарастырылмаған», – деп атап өтті Кеңес төрағасы Мелес Сейітжанов.

 Бұл мәселені өңірлік палата салық комитетінде өткен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі көшпелі кеңестің отырысына шығарды. Кездесуде «С5» визасының болмауы заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану үшін негіз бола алмайтыны айтылды. Сонымен қатар, салық қызметкерлері дәлелсіз беру дәстүрін қабылдаған шағымдарға наразылық айтылды. Сондықтан Кеңес салық органдарын сотқа егжей-тегжей қаралған, сапалы материалдарды беруге шақырды.

 Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өзінің бөлімшелеріне талап арыздарды кері қайтару бойынша ұсыным жасады.

 Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйғарымымен талап арыздар талап қоюшыларға қайтарылды.

Мәлімет үшін: Түрік елінің қатысуымен ең болмағанда бір компанияның тіркелуін жарамсыз деп тану – бүкіл Қазақстан бойынша тізбекті реакцияға алып келуі мүмкін. Бұл секторда қазіргі уақытта қауымдастықтың деректері бойынша 2900 компания кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады (2020 жылда қоса 25 пайыз). Тіпті бір компанияның мемлекеттік тіркеуден бас тартуы барлық контрагенттер үшін мәмілелерді жарамсыз деп тануға әкелуі ықтимал еді.

   


Еншілес ұйымдар

Серіктестер