«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда кәсіпкерлерді сотталғандар үшін жұмыс орындарын құруға шақырды

2021 жылғы 25 Қазан
- Атырау облысы
12810 просмотров

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасында өткен кездесу барысында Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері өңірдің түзету мекемелерінде бизнес жүргізу шарттары туралы ақпарат берді.

Қазіргі кезде Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің түзеу мекемелерінде еңбекке қабілетті 400-ден астам адам бар. Олардың 205-і ақы төленетін жұмыстармен айналысады. Мамандардың айтуынша, шалғай емес жерлерде жұмыспен қамту сотталғандардың тәртібін түзейді, ішкі жанжалдардың санын азайтады, шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін арттырады. Сондай-ақ, алынған қаражатқа олар мемлекет пен жәбірленушілер алдындағы талаптарды өтейді және өз отбасыларына көмектесе алады.

 «Қазіргі кезде әйелдер коллониясы аумағындағы өндірістік аймақта 74,4 шаршы метр бос аудан бар. Біз кәсіпкерлерге осы жерде бизнес ашуға шақырамыз. Орынжайды жалға алу тиімді шарттармен беріледі. Бұл аумақ күзетілетіндіктен қосымша шығын қажет етілмейді. Жұмыс орындарда тәртіп сақталады. Персоналға еңбекақы мөлшері келісімді, кәсіпкер өндірілген өнім үшін ғана төлейді», – деді кездесуде УГ 157/11 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің аға инспекторы Гүлмира Есқалиева.

 Бүгінде Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің түзеу мекемелерінде өңірдің 8 кәсіпкері жұмыс істейді.  Құрылған жұмыс орындарда бас бостандығынан айырылғандар қағаз өнімдері, қолданбалы өнер бұйымдарын өндіру, тігу және тоқумен айналысады. Кездесу барысында  бас бостандығынан айырылғандар бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Анықтама ақпарат: +77016689894, 8 (7122) 55-80-18.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер