«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау Бизнес» түлектері арасында стартапқа арналған ерекше идеялардың рейтингі құрылды

2021 жылғы 23 Қыркүйек
- Алматы қаласы
13740 просмотров

Мұндай жобалар қатарында  аэропоника өсіру әдісімен микро көкшөп өндіру және сату, балалар футболы мектебі, жеке шатыр тігіп, тауға шығу турлары, қазақ ұлттық десерттері өндірісі бар.

Биыл жастар мен көпбалалы аналар арасындағы танымал жобаға 5 жыл толды. Егер құрылу тарихынан бастасақ, 2016 жылдың шілде-желтоқсан аралығында «Бастау Бизнес» жобасы Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында пилоттық режимде іске асырылды. 2017 жылдан бастап жоба кәсіпкерлік негіздеріне оқыту құралы халыққа кәсіпкерлік дағдыларды үйрету, сондай-ақ олардың бизнес-жобаларын сүйемелдеуге бағытталған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасының екінші бағытына енгізілді.

Жоба түлектері өз бастамалары арқылы хоббиді сүю, сол іске шынымен құмар болып, табысты бизнес құруға болатынын дәлелдеп келеді.

«Футбол өзіңді табу мүмкіндігі» ұранмен жобаны футбол клубының жаттықтуршысы Бахтияр ұсынады.

«Өзімінің болашақ кәсібімнің нобайын мен мектеп қабырғасында жүріп-ақ қалап қойғам. Бұл спорт түрі маған бала кезден өте жақын. Биыл осы бағытта күшімді сынап көргім келді.  Мен үшін балалар футбол мектебі – өзің сүйетін іспен айналысу, сонымен бірге өскелең ұрпаққа білім беру мүмкіндігі», – деді  футбол жанкүйері.

Бүгінде Бахтияр 12 жасқа дейінгі балаларға футбол үйретеді, кәсібін белсенді жүргізіп жатқан кәсіпкер.

Екінші қызықты жоба –  аэропоника әдісімен микро көкшөп өндірі жәні сату.

Жобаның негізін қалаушы Аслан Нокышев. Кәсіпкер микро көкшөпті Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша мейрамханалар, кафелер, қонақ үйлер мен жеке тұлғаларға жеткізеді. Табиғи, экологиялық таза, пайдалы, дәмді, кенеулі заттары көп, ланч-бокстарға қапталған өнім.

Гүлназ Мұқаш 2020 жылы грант ұтып алды. Қазір ол былғарыдан бұйым тігеді. Грант қаражатына қажетті жабдық – лазер аппаратын сатып алды. Бүгінде былғарыдан әмиан, сөмке және басқа да бұйымдарын тігу цехы табысты жұмыс істеп жатыр, 10 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпті енді бастаса да табысты бизнес ханым цехтегі жұмыс орындарын 30-50 адамға дейін ұлғайтпақ.

Алматы тұрғыны Медет Төлеу «Бастау Бизнес» жобасымен оқудан кейін грант иеленіп, Алматы облысы бойынша шатыр тігіп, көкке шығу бойынша турларды ұйымдастыра бастады. Биыл Медет Алматы облысындағы көлдер мен өзендерде sup-бордингпен (тақтайға тұрып есу) айналыса бастады. 

«Менің мақсатым – белсенді демалыстың осы түрін дамыту. Қолданыста 5 жиынтық бар. Келесі жылы үлкен топтарға қызмет көрсету және Іле өзені бойымен жүзуді ұйымдастыру үшін 15 жиынтыққа дейін ұлғайтқым келеді. Сондай-ақ, айына бір рет мүмкіндігі шектеулі жандарды жинап, оларды тегін оқытқым келеді», – дейді жас бизнесмен Медет.

Бибінұр Шералиева өзі жалғыз 4 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана. Ол  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан кейін «Еңбек» және «БЖК-2025» бағдарламалары шеңберіндегі байқауларға қатысты, грант иегері атанып, әлеуметтік жобаны ашты. Оның аспаздық саласындағы негізгі қызметі: шоколадта жент өндіру, түрлі торттар мен кондитер өнімдерін дайындау, соның ішінде ірі іс-шараларға арналған қамырдан тоқылған себеттер пісіру. Бибинұр 10-нан астам жұмыс орнын ашып қана қоймай, сонымен қатар тамақ дайындауды да үйретеді.

Алматы қаласында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемелкеттік бағдарлама аясында 2019-2020 жылдар аралығында 9 500 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқыды, оның ішінде 4 572 түлек қоғамдық комиссияның шешімі бойынша өз стартапын іске асыруға 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттық қаражат алды.

2021 жылы кәсіпкерлік негіздеріне 2 201 адамды оқыту жоспарланған. Карантин шараларын ескере отырып, қатысушылар онлайн форматта білім алды. Биылғы бес лек нәтижесі бойынша 2 403 адам ішінен 2 201 адам оқуды аяқтап, тиісті сертификатын алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер