«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен»: бизнеске де, қоғамға да пайдалы болу

2021 жылғы 09 Қыркүйек
7777 просмотров

2013 жылдың 9 қыркүйегінде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылды. Палата осы уақытқа дейін 1,6 миллионнан аса кәсіпкерді біріктірді. Кәсіпкерлерге бизнесті қорғау бағдарламасы бойынша 230 млрд теңгені сақтауға көмектесті. Бизнесті қорғау желісі бойынша кәсіпкерлерден 29 462 өтінім қабылдады және оның 43 пайызы шешілді.

«Атамекеннің»  кез келген экономикалық үдерістегі басты міндеті – бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау.

​«Атамекеннің» негізгі жұмысы – ол идея. Біздің әр бөлімшедегі сарапшыдан бастап басшыға дейінгі қызметкердің идеясы кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, негізгі жұмысты аймақтар атқарады. Себебі бизнес сонда қызмет етеді. Осы орайда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 8 жылдық жұмысының қорытындысы ретінде біз команда болып кез келген жұмысты атқара алатынымызды сенімді түрде айта аламыз. Палата қызметкерлері бизнесті қолдау жолында күні-түні жұмыс істейді. Баршаңызды ҰКП күнімен құттықтаймын. Ұлттық палатаның құрылған күні – жұмысты қорытындылап, отандық бизнесті қолдау және қорғау жолында жаңа жоспарларды белгілейтін кез», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.

Бизнесті қорғау: 8 жылдың көрсеткіші

Палата жұмысының маңызды бағыты – бизнесті қорғау және кәсіпкерлік жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау, яғни нормативтік базаны жүйелеп, әкімшілік қысымның төмендеуін реттеу. Осы бағытта 2013-2021 жылдар аралығында «Атамекен» ҰКП мамандары 36 281  сараптамалық қорытынды жасады, оның 723-і заң жобасы бойынша және 195-сі заң жобаларының тұжырымдамасына қатысты болды. Бұл ретте кәсіпкерлікке ықпал ететін барлық нормативтік-құқықтық актінің жобасын Палата сарапшылары келісетінін атап өткен жөн.

Осы уақытқа дейін Ұлттық палата мамандары заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 225 отырысына қатысты. Комиссия аясында заң жобаларының 450 тұжырымдамасы, сондай-ақ депутаттар бастамашылық еткен 137 заң жобасы қаралды.

InfoKazakhstan. Локдауннан шығу алгоритмі

Коронавирус пандемиясының салдарынан бизнес нысандар жабылып, кәсіпкерлер шығынға батты. Ұлттық палата сарапшылары әрбір кәсіпорынның қызметі жандануы үшін барын салып келеді. Былтыр бизнесті қорғау желісі бойынша 4 610 өтінім түсті, оның 41 пайызы шешілді.

Шағын бизнес табыс салығын төлеуден үш жылға босатылды. Елімізде ШОБ үшін талап қою мерзімі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылды. Кәсіпкерлердің мүддесі қорғалып, 35,25 млрд теңге сақталды.

Санитариялық талаптарды оңтайландыру және мониторинг топтардың жұмысына қатысу арқылы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, бизнеске арналған 45-тен астам алгоритм әзірленді және пысықталды – InfoKazakhstan сайты ашылды.

Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлер тарапынан 55 163 өтінім, ал карантин шектеуінің салдарынан 89 042 өтінім түсті. Палата форс-мажор және Info Kazakhstan сайты бойынша бизнес субъектілерінен 7 647 өтінім қабылдады.

42 500 теңге. Дағдарысқа қарсы қолдау шараларының пакеті

2020 жылы дағдарысқа қарсы қолдау шараларының пакеті әзірленді. Оның ішінде уақытша жұмыссыз қалған азаматтарға 42 500 теңге әлеуметтік төлем берілді. Сондай-ақ, бірқатар шара қабылданды:

  • Салық төлемдерін кейінге қалдыру;
  • ЕТҚ-дан салықтар мен төлемдерден босату (29 сала үшін);
  • Несие төлемін кейінге қалдыру;
  • 2020 жылдың соңына дейін бюджеттен тыс қорларға еңбекақы төлеуден аударымдардың күшін жою (зардап шеккен салалар үшін);
  • 12 ай кезеңінде (2020 жылдың 16 наурызынан бастап) экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ-тың қолданыстағы барлық несиесі бойынша жылдық 6%-ға дейін пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау;
  • «Info Kazakhstan» платформасында қызметті кезең-кезеңімен қайта бастау және басқа шаралар.

Ashyq. Бизнестің жұмысы жанданды

2021 жылдың 17 қаңтарынан бастап карантин салдарынан жабылып қалған кәсіпкерлік нысандардың жұмысын жаңғырту үшін Ashyq жобасы пилоттық режимде қосылды. Бүгінде жобаны кеңейту есебінен қатысушылар саны 6 есеге артып, 4 миллионнан аса пайдаланушысы бар.

Осы жылдың алты айында бизнесті қорғау бойынша 2380 өтінім түсті, оның 33,5 % шешілді. Қаңтар-тамыз аралығында 24,4 млрд теңге көлемінде кәсіпкерлердің мүддесі қорғалды.

«Атамекен» командасы

Кәсіпкерлер палатасының бизнесті қорғау, қолдау, сондай-ақ неғұрлым қолайлы жағдай жасау функцияларын өңірлік палаталар (14 облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары), 183 аудандық филиал, қолдау орталығы іске асырады.

«Атамекен» ҰКП құрылымына қауымдастықтар мен одақтар да кіреді. ҰКП-да 197 қауымдастық (одақ) тіркелген. Бұдан басқа, Ұлттық палата жүйесінде Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, «Құзыреттілік орталығы» ЖШС (оқыту жобалары), «ЦИРП» ЖШС (цифрландыру жобалары), «Төрелік орталық» ТЖ еншілес ұйымдары жұмыс істейді.

«Атамекен» бизнеспен бірге қарыштап дамып келеді. Елдегі табысты кәсіпкерлердің қатарын арттыру үшін аянбай күш салады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер