«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда кәсіпкер әйелдер арасында Women in business байқауы басталды

2021 жылғы 28 Шілде
- Алматы қаласы
10649 просмотров

Алматы қаласының бизнес ханымдары Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі және Яндекс.Жеткізу ұйымдастырған байқауына қатысып, тегін жеткізу қызметін ала алады.

2020 жылғы деректер бойынша Қазақстанда қыз-келіншектер басқаратын кәсіпорындар саны 28,3%-ға жеткен. Олардың басым бөлігі – осы секторда жұмыс орындардың 31,4%-ын қамтамасыз етіп отырған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері. Women in business байқауының мақсаты – әйелдер кәсіпкерлігін қолдау.

«Кәсіпкерлік қызметтерді цифрландыру бойынша сын-тегеурін бизнеске арналған цифрлық эко-жүйені дамытуға түрткі болды. Алматыда елдегі интернет-дүкендердің шамамен 60 пайызы жұмыс істейді (ҚР бойынша – 1,5 мың бірлік, Алматыда – 970 бірлік), оларға барлық интернет-сауда мен қызметтердің 71%-дан астамы тиесілі. Бұл дегеніміз осы дүкендердің барлығы дерлік жеткізу қызметімен пайдаланады, бұл кәсібін енді бастағандар үшін өте маңызды. Өйткені тауарды жеткізуден басқа, шешу қажет көптеген мәселе бар. Кәсіпті енді қолға алған қыз-келіншектерге көмек беру үшін біз осындай байқауды ұйымдастырамыз деп шештік», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының диеркторы Айтуар Қошмамбетов.

 Яндекс.Жеткізу өкілінің айтуынша, соңғы жыл бизнес өкілдері үшін, әсіресе табысы көпшіліктің жиналуына байланысты болатын офлайнда жұмыс істейтін адамдар үшін қиын болды. Атап айтқанда дүкендер, сұлулық салондары, кафелер мен мейрамханалардың табысы азайды. Сондықтан бизнесті, атап айтқанда, қыз-келіншектердің кәсібін қолдау үшін осы байқау іске қосылды.

 Women in business байқауының жеңімпазына мобильді қосымша арқылы Алматы қаласы бойынша  жеткізу қызметі 500 рет тегін көрсетіледі. Бұдан бөлек байқау шарттарын дұрыс орындаған қатысушылардың барлығы қала бойынша жеткізу қызметіне 5 тапсырыс ретінде сыйлықтармен марапатталады.

 Байқауға Алматы қаласында кәсіпкерлік қызмет жүргізетін әйелдер қатыса алады. Байқау шарттары өте қарапайым және байқау ұйымдастырушыларының ресми парақшаларында жарияланған. Ең бастысы – «Мен өз бизнесімді қалай бастадым және неге бас жүлдені жеңіп алуым керек» тақырыбында шағын эссе жазу немесе  бейнеролик жазып, әлеуметтік желідегі жеке парақшаға жариялау.

 Байқау 28 шілдеден бастап 18 тамыз аралығында жүргізіледі. Байқау комиссиясы 24 тамызда жеңімпазды анықтайды. Байқау критерийлері: шынайылық, бизнестің түрлі саласындағы тәжірибені пайдалану мүмкіндігі, өз кәсібін жақсы көру.

 Байқау шарттары мына сілтемеде almaty.momen, Women in business байқау ережесі – almaty.atameken.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер