«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер азық-түлік тауарлары мен құрылыс материалдары бағасының өсуіне алаңдаулы

2021 жылғы 26 Маусым
- Алматы қаласы
13905 просмотров

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменовпен кездесуде бизнес өкілдері Алматы кәсіпорындарының жүйелік мәселелерімен бөлісіп, пандемиядан кейінгі кезеңде кәсіпкерлікті дамыту жолдары туралы талқылады.

Пандемияға байланысты көптеген бизнес салалары айтарлықтай шығынға ұшырады, оның ішінде сауда және қызмет көрсету секторларына қатты әсер етті. Бұл көлік, туризм, тамақтану қызметі, кинотеатрлар мен қонақ үйлер.

Диалог алаңында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов бизнестің ағымдағы жай-күйі және сауалнама жүргізу қорытындылары туралы айтып берді. Сауалнама арқасында кәсіпкерлердің постковидтық кезеңіндегі портреті жасалды. Осы портрет негізінде тыйым салулар мен шектеулердің қолданылу кезеңінде қызметкерлердің жалақысын және жалдау төлемдерін бюджеттен тікелей қаржыландыру түрінде жүйелі қолдау; тыйым салулар немесе қызметті шектеу кезеңінде салықтар мен міндетті төлемдерді алып тастау; кредиттер бойынша жеңілдікті мөлшерлемелер сияқты шаралар ұсынылды.

Айтуар Кошмамбетовтың айтуынша, қалыптасқан жағдайдың да оң жақтары бар, пандемия онлайн-сауданың айтарлықтай өсуіне алып келді және B2C арналары бойынша сатуды ұлғайтты.

«Кәсіпкерлік қызметтерін цифрландыру бойынша сын-қатерлер бизнес үшін цифрлық экожүйені құруға алып келгенін атап өткім келеді. Алматыда еліміздегі интернет-дүкендердің шамамен 60% -ы (ҚР-1,5 мың, Алматы-970) жұмыс істейді, оларға барлық интернет-сауда мен қызметтердің 71% -дан астамы тиесілі», - деді ол.

Электрондық сауда үлесінің өсуіне қарамастан, интернетке толық көшуге кедергі келтіретін мәселелер де бар. Бұл көлеңкелі экономиканың жоғары үлесі, банкаралық төлемдер, эквайринг бойынша жоғары комиссия, шағын орта кәсіпорындардың дайын еместігі және тауарлардың уақтылы жеткізілмеуі.

Бұдан әрі заң шығару билігінің бюрократиясына және күрделі есептілікке байланысты проблеманы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев айтты:

- Кәсіпкерлер зардап шеккен салаларда ШОБ үшін жеке салықтар мен төлемдер бойынша кейінге қалдыруды пайдалана алмайды, себебі заң жобасына әлі қол қойылмаған. Бұдан басқа, кейінге қалдыру тек ЖТС және әлеуметтік салық үшін, еңбекақы төлеу қорынан қалған міндетті төлемдерді есепке алмағанда жоспарланады.

Өңірлік кеңес төрағасы өзара байланысты емес көптеген жүйелер мен есептерге байланысты бизнесті жүргізу қиындығын атап өтті. Ол бизнес субъектілері ұсынуға міндетті барлық сервистер мен есептерге ұсынылған деректердің қайталануы мәніне аудит жүргізуді және барлық есептерді уәкілетті органға мәліметтерді тікелей жібере отырып біріктіруді ұсынды.

Әр саланың өзекті мәселелері бар, бұл себепте құрылыс салаларының Одағы негізгі құрылыс материалдары бағасының күрт өсуіне, мемлекеттік сараптамадан өтудің ұзақ мерзімдеріне алаңдаулы. Құрылыс ұйымдары жүргізген есептеулерге сәйкес құрылыстың, оның ішінде тұрғын үйдің шаршы метрінің түпкілікті құны құрылыс материалдарының қазіргі бағасы кезінде орта есеппен 25-30% -ға артады.

Сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауының себептері айтылып, маусымдық азық-түлік тауарларының сақталуын қамтамасыз ететін көтерме-тарату орталықтары желісін дамыту ұсынылды. Сонымен қатар, құрамында алкогольсіз қант бар сусындарға акциз енгізу мәселесі де талқыланды.

Өңірлік кеңестің мүшесі Кирилл Польский елдің экспорттық әлеуетін дамыту үшін Қазақстанның өңдеуші кәсіпорындарына атаулы қолдау көрсетуді қарастыруды, Қазақстанның қайта өңдеушілері өндіретін және шикізат ретінде пайдаланатын металдардың барлық топтарына ішкі бағаны қалыптастыру бөлігінде жәрдем көрсетуді ұсынды.

Квазимемлекеттік сектордың мүлкін жалға беруден босату бизнес-қоғамдастық үшін маңызды мәселе болып қала береді, себебі жекелеген квазимемлекеттік компаниялар оны іс жүзінде орындамауда.

Алматылық тауар өндірушілер «Omarket» сауда алаңының іске қосылуына байланысты туындайтын бірқатар мәселелерге де назар аударды. Олар кәсіпорындардың кірістілігіне теріс әсер етеді. Осы мәселелерді шешу үшін сауда алаңында ОТӨ жеке қойындысын құру ұсынылды, онда мемлекеттік ұйымдар тауарды тікелей өндірушіден сатып ала алады. Өңірлік кеңес мүшесі Данияр Алшанбаевтың пікірінше, бұл бюджет қаражатын үнемдеуге әкеледі және үнемделген қаражатты шығыстардың кем дегенде қажетті баптарына бағыттауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер мониторингтік топтардың жұмысына, қалдықтарды өңдеу жұмысы мен азық-түлік өнімдерін таңбалауды енгізуге қатысты мәселелерді көтерді. Денсаулық сақтау министрінің бір жылдан бері қабылданбайтын дәрі-дәрмектің шекті рұқсат етілген бағасын белгілеу туралы бұйрығына ерекше назар аудару қажет.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қаралған мәселелер бойынша Алматы қаласының әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

«Мемлекет кәсіпкерлікті дамытуға үлкен көңіл бөледі, біз үшін бизнес пен мемлекет арасындағы диалог, әсіресе пандемиядан кейінгі кезеңде өте маңызды. Туындаған кедергілерді барынша шешуге және жеделдетуге тырысамыз», - деп Тимур Сүлейменов көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер