«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық тауар өндірушілер экспорт рәсімін цифрландыруды ұсынды

2021 жылғы 09 Маусым
- Алматы қаласы
12164 просмотров

Қазақстандық кәсіпкерлер мәжбүрлі қаржылық шығындарға және беделдік тәуекелдерге әкеп соғатын талаптар туралы ЕЭК экономика және қаржы саясаты министрі Руслан Бекетаевқа айтып берді.

Осы және басқа да проблемалық мәселелер Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының алаңында талқыланды, онда кәсіпкерлер мен Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері арасында ашық диалог өтті. Руслан Бекетаев мұндай оқиғаның маңыздылығын атап, кәсіпкерлерді қазақстандық бизнесті ғана емес, Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерін де толғандыратын өзекті мәселелерді шешуге ықпал ететінін ашық айтуға шақырды.

Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық комиссияның алаңында экспорттың кедендік рәсіміне орналастырылған алкоголь және темекі өнімдеріне қатысты кедендік транзиттің кедендік рәсімін қолдану туралы ЕЭК алқасы шешімінің жобасы талқылануда. Осы шешімнің қабылдануымен олар екі рет кедендік рәсімдерден – экспорт пен кедендік транзиттен өткізіледі, бұл бизнес үшін қосымша уақытша және қаржылық шығасыларға әкеп соғады.

«Қазақстан бизнесі Ресей тарапы көтеретін одақтың кедендік аумағы арқылы алкоголь және темекі өнімдерін тасымалдаумен байланысты осы проблеманы шешуге қарсы емес. Бірақ қазақстандық кәсіпкерлер бір тауарларға қатысты бірқатар реттеу шараларын енгізуді және қолдануды қолдамайды, яғни ЕЭК Алқасының осындай шешім қабылдауымен келіспейміз», - деп JTI Kazakhstan мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі өкілі Дінмұхаммед Абсеметов бөлісті.

Бизнес-қоғамдастықтың келіспеушілігі осы өнімнің орын ауыстыруын қадағалау үшін навигациялық пломбаларды (транзит, өзара сауда және экспорт) қолдану жоспарлануымен түсіндіріледі және тиісті норма ЕАЭО-да навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім жобасында көзделген және басқа да тараптармен келісілген. Кедендік транзит ресімделген жағдайда үш кедендік бақылау (кедендік транзиттің кедендік рәсімі, экспорттың кедендік рәсімі және пломбаларды ілу) туындайды. Бұл бүкіл процесс кәсіпкерлік қызмет жағдайларына теріс әсер етеді.

Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева электрондық таңбалау және электрондық пломбалау екі түрлі мәселе екенін түсіндірді. Электрондық пломбалауға келетін болсақ, қозғалатын барлық жүк пломбаланады (көлік құралы, контейнер). Бұл ретте әртүрлі бизнестің мүдделері қудаланатынын ескеру маңызды, осы мәселені шешуде теңгерімді сақтап, барлық нюанстарды ескеру маңызды.

Енді ҚР ҚМ МКК аумақтық органының мөрімен расталуы қажет тауарларға арналған ілеспе жікқұжаттың (электрондық шот-фактура) проблемасын KSP Steel өкілі Әйгерім Ищанова қозғады. Мәселенің мәні қаржылық шығындар мен бедел тәуекелдерін көтеретін екі факторда жатыр.

«Бұл ұзаққа созылған рәсім отандық экспорттаушылар үшін қазақстандық тауарларды ЕАЭО-ның елдеріне әкету кезінде проблемаға айналады. Бұдан мынадай мәселелер туындайды: вагондардың тұрып қалуы, тауарды жеткізуді кешіктіру және жылжымалы құрамның тұрып қалуы мен тасымалдау жоспарларының орындалмауы үшін айыппұл санкцияларын төлеу себебінен мекеменің қосымша шығындарға ұшырауы. Бір вагонның тұрып қалғаны үшін айыппұл 64 400 теңгеге жетуі мүмкін», - деп Әйгерім Ищанова түсіндірді.

Бұл проблеманы шешу үшін Мемлекеттік кірістер органына тауарға ілеспе құжаттарды ұсыну тәртібін қайта қарау, ДСҰ-ның алып қою тізбесіне еңген қазақстандық тауарларын ЕАЭО нарығына экспорттау рәсімін цифрландыру және оңтайландыру ұсынылды.

Осы мәселелерден басқа, кездесуде графиттелген электродтарға қатысты демпингке қарсы шараларды жоспарлы енгізу және ЕАЭО медициналық бұйымдарын тіркеудің жаңа жүйесіне көшу тақырыптары талқыланды. Кәсіпкерлердің пікірінше, демпингке қарсы шараны енгізу дайын өнімнің өзіндік құнының артуына, сондай-ақ өндіріс пен сату көлемінің төмендеуіне, кәсіпорындардағы жұмыс орындарының қысқаруына алып келеді.

Максим Барышев, Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, егер тауарды таңбалау енгізілген жағдайда, акциздік маркаларды алып тастауды ұсынды.

«СТ1, МКК және шекаралық бақылау арасында белгілі бір өзара іс-қимыл бар бірыңғай электрондық алаң құруға қатысты бизнес-қоғамдастықтың ұсынысын қолдағым келеді. Барлық өзара қарым - қатынастарды цифрлық форматқа көшіруді, атап айтқанда, ТІЖ-дің қолданыстағы процестеріне тауарларды экспортқа шығару алгоритмін интеграциялауды және ЕАЭО-ның барлық елдері үшін интеграцияланған ТІЖ құруды ұсынамын», - деп түйіндеді Максим Барышев.

Руслан Бекетаев кездесуді қорытындылап, барлық аталған мәселелер хаттамаланып, егжей-тегжейлі зерделенетінін, ал бизнес ұсыныстары ескерілетінін хабарлады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер