«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер телімін мәжбүрлеп тартып алуға жол берілмеді

2021 жылғы 23 Ақпан
- Алматы қаласы
7728 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкер көмекке жүгініп, өзіне тиесілі жер теліміне қатысты мәселені шешіп беруді сұрады.

 Тұрғындарға қызмет көрсетуге ғимарат салу үшін кәсіпкер сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру мақсатында кәсіпкер Алматы қаласының жоспарлау және урбанистика басқармасына жүгінді. Алайда басқарма кәсіпкерге құжатты беруден бас тартты, бұған салынбақ халыққа қызмет көрсету орталығы қала аумағын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес келмеуі себеп болды.

Тексеру қорытындысы бойынша жауап беруші жақ жер телімін игермегені анықталды, жер иесіне ұйымғарым беріліп, кәсіпкер оны орындай алмады. Кәсіпкердің сәулет-жоспарлау тапсырмасын алғанына қарамастан уәкілетті орган аудандық сотқа жер телімін мәжбүрлеп тартып алу туралы өтінімді бастамалады, нәтижесінде сот органның талабын толық көлемде қанағаттандырған.

 Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Бауыржан Сералиевтің айтуынша, олар жоғары тұрған сот органына апелляциялық шағым түсіруге мәжбүр болған, өйткені бірінші инстанциядағы сотқа басқа жағдайға тиісті баға берілмеген.

 «Осындай санаттағы істерді қарау кезінде соттар жер телімінің бастапқы және кейінгі иелері жер қазу, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген бе, уәкілетті орган тарапынан құрылыс жұмыстарына рұқсат берілген бе, эскизді жобаның барын тексеріп, жер телімін уақтылы игермеу себептерін зерттеуі қажет», – деді Бауыржан Сералиев.

 Осы істі қарау нәтижесі бойынша Палата жіберген апелляциялық шағым толық көлемде қанағаттандырылды. Кәсіпкердің құқықтары мен заңды мүдделері қорғалып, жер телімі де сақталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер