«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шымкент қаласында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен бірегей жоба іске асырылып жатыр

2021 жылғы 08 Ақпан
- Шымкент қаласы
10416 просмотров

2021 жылдың соңына қарай «Оңтүстік» индустриялық аймақта алюминді банка шығаратын Орта Азияда бірегей зауыт ашылады

«KazALPack» ЖШС шырындар, газдалған және газдалмаған сусындарды құюға арналған жеңіл ашылатын қақпағы бар алюмінді банка өндіруді жоспарлаған. Қазіргі кезде болашақ зауыттың орналасқан жерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары қызу жүруде, өндірістік және қойма орынжайлары салынып, өндірістік жабдық орнатылып жатыр.

«KazAlPack»  ЖШС – «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде іске асырылып жатқан ірі жобалардың бірі. Жоба құны – 23,4 млрд теңге. Бастапқыда компания жобаны «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарлмасы арқылы қаржыландыру алмақ болды, алайда жоба бағдарлма лимитін 7 млрд теңгеге асырып тұрды. Сондай-ақ «қарапамайы заттар экономикасы» бағдарламасымен де қаржы алуға мүмкіндік болмады, өйткені алюминий банкалар өндірісі жеңілдікпен несиелеуге басым салалар тізбегіне енбеді.  Сондықтан Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы жобаны «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен қаржыландыру үшін ҚР Үкіметі қаулысына (Жобалық кеңсе аясында) басым салалар тізбегіне ЭҚЖЖ (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші) 2592 кодын енгізуді бастамалады», – деп атап өтті Шымкент қаласы ӨКП директорының орныбасары Әділжан Датқаев.

 Оның атуынша, қазіргі кезде Шымкент қаласы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 37,7 млрд теңгеге сомасына 56 жоба мақұлданған. Соның ішінде 28,6 млрд теңгеге 15 жоба 2020 жылы мақұлданған. Сонымен қатар қаржы инстиуттарының қарауында 3,9 млрд теңгеге 4 жоба бар, 29,9 млрд теңгеге 18 жоба идея деңгейінде пысықталуда.

 «Жобаларды салалар бойынша саралайтын болсақ, Шымкентте жобалардың 93 пайызы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, қалған 7 пайыз – ауыл шаруашылығы, білім беру және денсаулық сақтау салаларында», – деп атап өтті Әділжан Датқаев.

 Банктер кескінінде қаржыландыру бойынша көш басында «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Форте банк» АҚ, «АТФ банк» АҚ тұр.

Директордың орынбасары атап өткендей, Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамыту бойынша жобалық кеңсе тұрақты негізде жұмыс істейді, онда бизнес-жоспарды әзірлеу кезеңінен бастап қаржыландыруға дейін сүйемелдеу жүргізіледі, мамандар үдерісті бақылайды, банктердің несие беруден бас тарту себептерін анықтайды және қолдаудың жаңа механизмдерін ұсынады. Тұтастай алғанда, 2020 жылы Жобалық кеңсе 6 отырыс өткізді, онда бизнестің 24 түйткілді мәселесі көтерілді, соның ішінде 14 шешімін тапты. 

 Түйткілді мәселелер туындаған жағдайда кәсіпкерлер Шымкент қаласында Жобалық кеңсе хатшылығына хабарласа алады, тел: +7 7252 394991, +77029528855 Бердалиев Бауыржан, +77027720342 Дүйсебаева Мөлдір.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер