«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Әйел қырық шырақты»: алматылық бизнес ханым кітап шығарды

2020 жылғы 22 Желтоқсан
- Алматы қаласы
12393 просмотров

Көпбалалы ана, Алматы қаласы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Сымбат Аралбаева кәсіпті енді қолға алған қыз-келіншектерге арнап қазақ тілі және орыс  тілінде кітап шығарды

 «Мен бес баланың анасымын, бизнеспен 2006 жылдан бері айналысып келемін. Екі жоғары білімім  және DBA докторлық дәрежем бар. Сондықтан өзімнің бизнестегі тәжірибем жайында кітап жазуды шештім.  Кәсіпті енді қолға алған қыз-келіншектерге олардың бастамаларында көмек болсын деген оймен», – деді Сымбат Аралбаева өз жайында.

 «Әйел қырық шырақты» кітабы (орыс тіліндегі нұсқасы – «Женщина может все») жарық көрді.

 Кітапты келіншек карантин кезеңінде жаза бастады, осылайша Сымбат бойындағы энергияны дұрыс бағытқа бұрды.

 «Менің достарым мен оқырмандарым бизнестегі тәжірибеммен бөлісуді сұрады: отбасы, кішкентай балаларға қарамастан кәсіпті қалай дөңгелете алғаным бәрін қызықтырды. Кәсіптегі тәжірибем де 15 жылға таяп қалды. Ойлана келе кітап жазуды ұйғардым, бәлкім кітабым көп  әйелге кәсіп бастауға ынталандырып, алғашқы қадам жасауға жігер береді. Олардың көбі өз күштеріне күмәнданады. Менің айтарым: ынта болса бәрін іске асыруға болады! Оның үстіне қазіргі кездегі онлайн-бизнеске шектеулер кедергі емес!», – деді бизнес ханым.

 Автордың айтуынша, кітап бастауыш кәсіпкерлерге пайдалы, өйткені онда жеке тәжірибенің мысалында кезең-кезеңді нұсқаулық жазылған. Кітап қаладағы кітап дүкендерінде сатылымға шықты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер