«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мұнай-газ саласы Үкіметтен дағдарысқа қарсы шараларды қайта қарауды сұрады

2020 жылғы 29 Шілде
5229 просмотров

 Сәуір айында мұнай-газ және энергетика саласының кәсіпорындары орта және ұзақ мерзімді кезеңге дағдарысқа қарсы шараларды әзірледі, аталған шаралардың басым бөлігі ҚР Үкіметінің экономиканы қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарына енбей қалды

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы Мұнай және газ өнеркәсібі комитетінің отырысында «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Яромир Рабай айтты. Ұсыныстар салықтық жеңілдіктер, жер қойнауын пайдаланушыларға жүктемені азайту және «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі аясында бұрын жасалған келісімшарттар бойынша барлау кезеңінің жарамдылық мерзімін ұзартуды қамтыды.

 «Коронавиурс пандемиясына байланысты экономикалық қиын жағдайда, мұнайға әлемдк бағаның түсуіне қарай үкімет экономиканы тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдап жатыр. Біздің ұсыныстарымыз шетелдік сарапшылар, сала өкілдерінің болжамдары негізінде екі жыл ішінде экономиканың қалпына келуін ескере отырып әзірленді. Қазіргі таңда ҚР Үкіметімен аталған ұсыныстарды талқылауға қайта көшуді қалаймыз», – деп атап өтті Яромир Рабай.

Жиынға қатысушылар Экологиялық кодекстің мәселелеріне баса назар аударды, оның жобасы қазір Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде қаралуда.

 Қолданыстағы өндірістік қуаттылықтарды жаңғыртуға қажетті шығындарды өтеу мәселесі өзекті болып қала береді. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаевтың айтуынша, біржақты шешімдерді қабылдауда асығыстық таныту – тек өндіруші салаға ғана емес, сонымен бірге тұтастай елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына да жағымсыз салдарға айналуы мүмкін.

 «Егер мемлекет кәсіпорындарды қолдаудың кешенді шараларын қабылдамаса, олардың экологиялық жаңғыруына кететін қаржылық шығын жүктемесі түпкі тұтынушы қалтасына ауыр тиеді», – деп атап өтті спикер.

 Комитет төрағасы Данияр Абылғазин аталған мәселе жүйелі қарастыруды қажет ететінін растады. Осыған байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында тау-кен секторындағы компаниялардың қатысуымен нақты ұсыныстарды талқылап, кейіннен оларды Үкіметтің қарауына жіберу тапсырылды.

 «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақов ағымдағы жылдың 1 қаңтарында ҚР Салық кодексіне өзгертулер енгізуге тыйым салатын заңнамаға енгізілген өзгерістер Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің жобасын әзірлеуді қиындатты.

 «Біз бұл проблеманы білеміз, Салық және Экологиялық кодекстерді бірге қарау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз, өйткені көптеген өзгерістер бір-бірімен тығыз байланысты», – деп түсіндірді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов.

 Экологиялық заңнамада сілтілер және су-сілтілі ерітінділер бойынша ұсыныстар ескерілмеген. Қауымдастық бейтараптандырудан өткен сілтілерді қалдыққа жатқызбауды ұсынған.

 «Заңнама (Экологиялық кодекс және «ҚР Азаматтық қорғау туралы» Заңы) шеңберінде «апаттық» және «инцидент» бойынша нақты түсінік жоқ. Әр мемлекеттік орган оны өзінше белгілейді. Депутаттарға осы түсініктерді нақтылау бойынша ұсыныс жолданды. Бұдан бөлек, ұсыныстар үкіметке жіберілді», – деп түсіндірді Яромир Рабай.

Өз кезегінде Ахметжан Пірімқұлов сілті төгінділері мәселесін депутаттар бірнеше рет көтергенін атап өтті.

 «Біз еуропалық елдердің тәжірибесін мысалға келтіреміз, онда төгінділерге тыйым салынған, Ресейде төгінділер қалдыққа теңестірілген, бізде ғана сілтілік төгінділер жинақтамаларға тегін төгіледі», – деді вице-министр.

 30 шілдеде Мәжіліс VI-шақырылымының бесінші сессиясы аяқталды. Экологиялық кодекс жобаларын қарау 2020 жылдың күзінде алтыншы сессияда жалғасын табады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер