«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Төтенше жағдай және карантин: Осы уақыт аралығында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы тарапынан қандай жұмыстар атқарылды

2020 жылғы 28 Мамыр
- Алматы қаласы
6342 просмотров

Өңірлік палатаға оңтүстік астана бизнесінен 40 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

Төтенше жағдай және карантин кезіндегі Кәсіпкерлер палатасының жұмысы туралы Палата директоры Нариман Әбілшайықов баяндап берді.

«Алматы қаласы бойынша төтенше жағдай және күшейтілген карантин уақытындағы басты екі жағымсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай - қозғалысқа қойылатын шектеулер мен өндірістік қызметті шектеу болып табылады. Осы орайда, қозғалыс шектеуі өндіріс тізбегін бұзды», - деді ол өз сөзінде.

Оның айтуынша, төтенше жағдай кезінде Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы сенім телефондарында жауап беріп, барлық қоңырауларға және бизнестің жазбаша өтініштерін еш назардан тыс қалдырмады.

 «Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының жедел желісіне 16 наурыздан бастап 11 мамырға дейін 42 618 өтініш келіп түсті, оның 35 201 – Сall-center арқылы, 5 344 – штаб мүшелерінің мобильдік нөмірлері арқылы, 1 789 - электрондық және қағаз түріндегі өтініштер және қалған  284-әлеуметтік желілердегі сауалдар», - деп атап өтті Палата директоры.

Өтініштердін талдау жұмыстары көрсеткендей, Кәсіпкерлер тарапынан қандай басты сұрақтар болды:

-  46% қаланың қозғалысы мен infoalmaty.kz сайтының жұмысына қатысты;

- 18% табысы жоғалған азаматтар үшін, әлеуметтік төлем (42,500 теңге) алуға қатысты;

- 14% қала шегінен тыс жерлерге шығу және басқа өңірлерден кіруге қатысты;

- 7% карантиннің күшейтілген режимін кезең-кезеңмен жеңілдетуге және ұйымдарды жұмысқа енгізу тәртібіне қатысты;

- 5% жалдау төлемдері бойынша кейінге қалдыруға немесе демалысқа қатысты;

- 3% форс-мажор жағдайлары туралы (форс-мажор) анықтама алу.

«Алматыда көбінесе қызмет көрсету саласы зардап шекті. Мемлекеттік сектордан және денсаулық сақтаудан басқа, қаланың қызмет көрсету секторында барлық жұмыс күші шамамен 74% құрайды. Қызмет көрсету секторының бөлігі шығынға ұшырағанын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері көрсетеді, онда 15 сәуірдегі жағдай бойынша әлеуметтік төлемдер үшін 898 136 адам (қызметкерлердің 90%) жүгінген, олардың 447 363 (қызметкерлердің 49%) төлемдерді алды» - деп айтты Өңірлік палата директоры.

Төтенше жағдай аяқталғаннан кейін, 11 мамырдан бастап бүгінгі күнге дейін Палата карантиннен кейінгі кезеңге дайындықты ұйымдастыруда.

Уақытылы және сенімді ақпарат алу үшін Палата тарапынан сауалнама жүргізілді, оған 103 мың қызметкер жұмыс істейтін 4 мыңнан астам кәсіпорын қатысты. Сауалнама жұмыстары төмендегідей жағдайларды көрсетті:

Қызметкерлердің 10,1% (10,5 мың адам) ақылы демалысқа жіберілді;

Қызметкерлердің 19,4 % 20,2 мың адам) ақысыз демалысқа жіберілді;

Қызметкерлердің 1,9% (2,1 мың адам) өз қалауларымен жұмыстан босатылды;

Қызметерлердің 1,5% (1,6 мың адам) қысқартылды;

«Қысқартылған немесе демалысқа жіберілгендердің көп бөлігі сауда саласында - 8 705 адам, өнеркәсіп саласында - 5130, тұру және тамақтану - 1768 және денсаулық сақтау саласында - 1282 адам тіркелді», - деп атап өтті ол.

Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттер тарапынан бизнесті қолдау үшін қажетті шаралар ретінде төмендегілерді атап өтті:

64% - салықтық және жалға алу төлемдерін кейінге қалдыру (тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету салалары, сауда және жылжымайтын мүлік жұмыстары);

35% - жеңілдетілген қаржыландыру (өнеркәсіп, көлік және қоймалау, it-қызметтер);

31% - шығындарды субсидиялау (сауда, көлік және қоймалау, өнеркәсіп)  салалары.

«Осы тұста босаған кадрларды жұмысқа орналастыру мәселесінде Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасының үлкен маңыздылығын атап өткен жөн. Алдағы уақытта 25 996 жұмыс орнын құру жоспарлануда, оның ішінде қазіргі уақытта 12 160 жұмыс орны құрылды, жұмысқа 2 151 адам орналастырылды, оның ішінде 32% - ы немесе 668 адам мобильді жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналастырылды. Бағдарлама бойынша 103,9 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде: әлеуметтік-мәдени объектілерді күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту және салу бойынша 40,2 млрд. теңгеге 59 жоба, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша 6,5 млрд.теңгеге 9 жоба, көлік инфрақұрылымы 16,9 млрд.теңгеге 21 жоба, елді мекендерді абаттандыру үшін 40,4 млрд.теңгеге 125 жоба», - деп атап өтті Нариман Әбілшайықов.

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы ТЖ және карантин кезеңінде кәсіпорындар туралы толық және нақты мәліметтерді жинау үшін www.infoalmaty.kz  порталын әзірледі, сондай-ақ, портал Алматы қаласы әкімдігінің басқаруына өтеусіз берілген.

«Қазіргі уақытта www.infoalmaty.kz порталында 28 мың кәсіпорын, 462 мың жұмыскер, 204 мың автомобиль тіркелді. Қазіргі таңда 155 қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысына рұқсат етілді. Сонымен қатар, 81 мың жұмыскері жұмыс істейтін сауда орындарының 76,5% әлі күнге дейін жабық. Айта кету керек, вирустың базарларда таралу ықтималдығы жабық және желдетілмейтін бөлмелерге қарағанда әлдеқайда төмен: алаң желдетіледі, жазда температура жоғары, ашық жерде әлеуметтік қашықтық ережелерін еркін сақтауға мүмкіндік бар», - деп айтты ол.

Сондай-ақ, Өңірлік палата жалға берушілермен келісімге қол жеткізді, 2,7 млрд теңге сомасына жалдау ақысын төмендету және кейінге қалдыру арқылы 12 769 жалға алушының мүдделері қорғалды.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Палата тиісті тізілімге СТ-кз сертификаттары мен индустриялық сертификаттары бар 512 компанияны енгізуді ұсынды. Олар 12 мыңнан астам тауар түрлерін әзірлейді. Сонымен қатар, Палата Алматы қаласы бойынша 103 млрд.теңге сомасында Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша бөлінген қаражат шеңберінде олардың өнімдерін сатып алу қажеттілігі туралы мәселені көтерді.

Өңірлік палата басшысы атап өткендей, карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету аясында «Атамекен» өкілдерінің қатысуымен 18 санитарлық-тексеру комиссиясы құрылды, 5000 өтінімнің 3 367 бүгінде қаралды.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер