«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

21 мамыр күні «Украина-Қазақстан: жаһандық сын-тегеурін кезіндегі экономикалық ынтымақтастық» онлайн конференциясы өтті

2020 жылғы 22 Мамыр
5007 просмотров

Іс-шараның ұйымдастырушылары мен қатысушылары Қазақстан Республикасының Украиндағы Елшілігінің өкілдері, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы, Украинаның сауда-өнеркәсіп палатасы және Украина өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы болды

 Күн тәртібінде қазақстандық және украиналық бизнестің сауда, инвестициялар және логистика саласындағы ынтымақтастығы мүмкіндіктері мен мәселелері көтерілді.

 Украинаның сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Геннадий Чижиков өзінің алғы сөзінде тауар айналымның белсенді дамуы үшін қазақстандық-украиналық байланыстың тиімділігін арттыру қажет деп айтты.

 Қатысушылар спикердің сөзімен келісіп, Украина қазақстандық бизнес үшін Еуропа одағына шығуда айтарлықтай мүмкіндіктер беретінін атап өтті. Өз кезегінде Қазақстан Украина үшін Қытай және Орта Азияға шығатын «терезе» іспетті. Тараптар бірлескен кәсіпорындар мен өндірістерді құруға мүдделі.

 «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов іске кірісіп, екі жұмыс тобын құруды ұсынды. Бірінші топ сауда саласындағы кедергілер мен тауар айналымының төмендеуі себептерін зерттеуге арналады. Екіншісі – екі елдің іскер топтарын тарта отырып, екіжақты сауданы және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру перспективалары бағытында жұмыс істейді. Осы ретте спикер Украина нарығына қазақстандық көмірді жеткізуді арттыру әлеуетін атап өтті.

Украина өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының президенті Анатолий  Кинах Абылай Мырзахметовтың жұмыс топтарын құру және орын алған ситуацияға кешенді диагностика жасауға қатысты  ұсыныстарын қолдады. Кинах мырза Қазақстан және Украина экономикаларын модернизациялау маңыздылығын атап өтіп, теміржол, автомобиль, теңіз және энергетикалық инфрақұрылымдарды жаңарту бойынша бірлескен жұмыстар жүргізу үшін екі елдің өндірістік әлеуетін пайдалану қажеттілігі туралы айтты.

 ҚР Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев 2020 жылдың қаңтар-наурыз аралығында екі елдің тауар айналымы $204,3 млн құрағанын, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға төмендегенін хабарлады. Осы ретте министрлік өкілі қазіргі кезде мұнай-химия, металлургия, тамақ, химия өнеркәсібі, машина жасау және құрылыс салаларының 70-тен астам аталымында 349,5 млн АҚШ доллары көлемінде  экспортты арттыруға әлеует барын айтты.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі өкілінің айтуынша COVID-19 коронавирус инфекциясы салдарын еңсеруде екі елдің кәсіпорындар мен технологиялық байланысты салалар арасындағы өндірістік кооперативті байланыстарды сақтау және кеңейту үшін бірлескен күш салу қажет. Министрдің орынбасары индустрияны жедел қалпына келтіру және дамыту жағдайында ұлттық экономикалардың ерекшеліктерін ескере отырып, инвестициялық және ғылыми ынтымақтастық динамикасын сақтау маңыздылығын да атап өтті.

 ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы Рустам Исатаев және Украина Сыртқы істер министрлігі Экономикалық дипломатия департаментінің директоры Владимир Хоманец мұнай бағасының түсуі және COVID-19 пандемиясының таралуы тұрғысында серіктес мемлекеттердің инвестициялық ахуалын талқылады. Тараптар өкілдері экономикалық серіктестікті дамыту келешегіне егжей-тегжейлі тоқталды.

 Атап айтқанда ҚР Инвестициялар жөніндегі комитеті инвестициялық келісімшарттар жасасу, преференциялар, инвесторларды қорғау және жүйелік қолдау бойынша инвесторларға ұсынылған қолдау формаларын ұсынды. Сондай-ақ Украина мен Қазақстанды Еуропа, Қытай және Орта Азия нарықтарына шығуда хаб ретінде қолдануды ұсынды.

 «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Өзбеков және «Ukraine Invest» инвестицияларды тарту және қолдау жөніндегі кеңесінің өкілі өздерінің инвесторларды тарту, шетелдік капиталы бар жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдау және елдердің инвестициялық әлеуетін ілгерілету бойынша жұмыстарын таныстырды. Екі елдің инвестициялық кеңселерінің өкілдері әлеуетті инвестициялық жобалармен алмасуға дайын екендіктерін мәлімдеді.

 Аталған конференцияға екі елдің 80-нен астам бизнес өкілі қатысты. Қатысушылар арасында – Украинаның аграрлық және азық-түлік саясат экс-министрі Ольга Трофимцева, Азық-түлікті экспорттау жөніндегі кеңестің төрағасы (U-FOOD) Богдан Шаповал, «Энергоучёт» өкілі Валентин Пицик, Украина сүт өндірушілері қауымдастығының өкілі Любомир Дикун, «Украина астық базасы» бас директоры Алтынбек Мұстапаев және «Кусто Агро» компания бас директоры Әлішер Тәжін қатысты.

 Қатысушылар шетелдік серіктестермен жұмыс істеуде  үздік тәжірибемен алмасты. Сондай-ақ екі елде де шектеу шараларын жүзеге асыруға қатысты алаңдаушылық білдіріліп, шараларды егжей-тегжейлі талдау және бизнеспен диалог жүргізу туралы ұсыныс жасалды.

 Бейне-конференцияның көрсетілімі мына сілтемеде


Еншілес ұйымдар

Серіктестер