«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы қалада жүріп-тұруға рұқсат беру бойынша өтінімдер базасын жариялады

2020 жылғы 09 Сәуір
- Алматы қаласы
14579 просмотров

Бұл дерек көздері арқылы бизнес өкілдері Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына түскен, карантин кезіндегі кәсіпкерлердің және компания қызметкерлерінің қозғалуына мүмкіндік беретін өтінімдерді тексере алады.

Алматыдағы төтенше жағдай және күшейтілген карантиндік режим кезенінде, қаланың тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті ұйымдар мен кәсіпорындарды қоспағанда, қаладағы қозғалыс барысы шектелген. Белгілі бір қызмет түрлерін жүзеге асыруға рұқсат етілген, алайда ол үшін рұқсаттамалық қажет.

Рұқсаттаманы Алматы қаласы әкімдігінің жедел штабы береді.
Кәсіпкерлердің рұқсат алуына арналған өтініштердің бір бөлігі, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы арқылы өтті. Осы мәліметтер базасы арқылы, сіздің өтінішіңіздің Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасына келіп түскен-түспегенін тексере аласыз.

Базаға сілтеме: http://infoalmaty.kz/index_kz.php
Бұл деректер қоры Алматы қаласының полиция департаментіне жіберілді.

Егер сіздің өтініміңіз осы базада болып, бірақ ол полиция департаментінің базасына енгізілмесе, сізге Алматы қаласы әкімдігінің жедел штабына жүгіну қажет.

Іздеу үшін қызметкердің ЖСН немесе автокөліктің мемлекеттік нөмірін енгізіңіз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер