«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

"ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ" ТЕЛЕФОНЫНА БИЗНЕСТЕН 8 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ КЕЛІП ТҮСТІ

2020 жылғы 26 Наурыз
- Алматы қаласы
6112 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов оңтүстік астанадағы бизнесті қолдау шаралары туралы айтты.

Алматы қаласы 19 наурыздан бастап карантинге жабылды, оңтүстік астанада коронавирустың 40 оқиғасы расталды. 26 наурыздан бастап жаңа режим күшіне енді. Барлық азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмысын жалғастырады, сауда және қызмет көрсету саласындағы нысандардың жұмысы тоқтатылады.

«Әрбір қазақстандық, соның ішінде кәсіпкерлер ұлттық қауіпсіздік мәселелерінің жоғары тұрғанын түсінеді. Біз күтетін экономикалық процестер кейінге қалдырылуы мүмкін», - деп атап өтті Нариман Әбілшайықов.

Ресми статистикалық мәліметтер бойынша, Алматыда 2020 жылдың 1 наурызында 106 007 жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік және заңды тұлғалар бар, онда қызметкерлердің нақты саны 346 899 адам. Олардың көпшілігі уақытша жұмысын тоқтатады.

«Төтенше жағдай режимі енгізілген бірінші күнінен бастап, біз жедел шаралар қабылдадық, сенім телефондары жұмыс істейді, бүгінде бизнес тарапынан  8 мыңнан астам қоңырау келіп түсті. Егер кәсіпкерлердің тарапынан қойылған сұрақтарды жүйелейтін болсақ, бұл қолданыстағы қарыздарды, екінші деңгейлі банктер алдындағы несиелік міндеттемелерді кейінге қалдыру мәселелері, бұл сұрақ палатаға келіп түскен өтініштердің 35% құрайды», - деп атап өтті спикер.

Оның айтуынша, екінші маңызды мәселе - мемлекет алдындағы салық міндеттемелерін кейінге қалдыруды қамтамасыз ету. Алматы бизнесімен айналысатын үшінші жүйелік мәселе - жалдау мәселесі.

«Алматы қаласының бірегей экономикалық құрылымы бар, оның 70% сауда және қызмет көрсету салалары, онда 240 мыңнан астам адам жұмыс істейді», - дедеі ол өз сөзінде.

Ағымдағы жылдың 20 наурызынан бастап мемлекеттік, квазимемлекеттік жылжымайтын мүлік объектілері бойынша бизнесмендер үшін 3 ай мерзімге жалдау төлемдерін есептеу тоқтатылды.

Қазіргі таңда Палата мен қала әкімдігі бірлесе коммерциялық үй-жайларды жалға алатын шағын және микробизнес субъектілерін, жалдау төлемінен босату мүмкіндігін бірлесіп қарастыруда.

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы жанынан сауда және қызмет көрсету саласын мониторингілеу бойынша жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының басты міндеттерінің бірі – барлық жалға берушілерден-сауда орталықтарынан барынша сұрастыру.

Жұмыс тобының мүшелері 25 наурыз күні кешке 89 кәсіпкермен кездесіп, сөйлесті, олардың барлығына деректерді толтыру туралы кесте жіберілді. Талдау жұмыстары көрсеткендей, жалға берушілердің көпшілігі ТЖ және карантин кезеңіндегі төлемдер бойынша жалға алушыларға демалыс беруге немесе кейінге қалдыруға қарсы емес.

Бірақ жалға берушілер тарапынан бірқатар шешілмеген мәселелер бар, атап айтқанда, қызметтердің тоқтатылуына және шығындарға байланысты.

«Алматыда 100-ге жуық ірі сауда және ойын-сауық орталығы жұмыс істейді. Ірі орталықтар ТЖ кезінде, жалға алушыларды жалдау ақысын төлеуден босату туралы шешім қабылдады. Мысалыға: мұндай шешімдерді «Москва» ойын-сауық орталығы және «Автосити» сауда орталықтары қабылдады», - деп баяндады Палата директоры.

ТЖ және карантин енгізілген уақыттан бастап, азық-түлік тауарларын «жасыл дәліз» арқылы өткізуге байланысты Палатаға 220-дан астам қоңырау келіп түсті.

«Алғашында қаладан шығу және кіру бойынша мәселелер болды. Бұл мәселелер бүгінгі күні жедел штабпен толық шешімін тапты. Қазіргі уақытта 27 блокпосттар жұмыс істейді, әкімдіктің өкілдері жұмыс істеуде, Палата қызметкерлері күн сайын осы блокпостарға барып тұрады», - деп атап кетті ол.

Спикердің айтуынша, бизнес өкілдерінің тарапынан айтылған барлық мәселелер бойынша қолдау шаралары пысықталып ҚР ҰКП-ға жұмыс барысында жолдануда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер