«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Digital Atameken»: 1 миллионнан астам пайдаланушыға «бір терезе» арқылы 400 қызмет түрі көрсетіледі

2020 жылғы 30 Қаңтар
- Алматы қаласы
4543 просмотров

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы 2019 жылы атқарылған жұмыстары бойынша есеп беріп, 2020 жылға арналған жоспарлармен бөлісті.

Іс-шараға Палата директоры Нариман Әбілшайықов, Палатаның Өңірлік кеңес төрағасы Максим Барышев, сондай-ақ Өңірлік кеңес мүшелері және Алматы қаласының кәсіпкерлері қатысты.

Есеп беру барысында Кәсіпкерлер палатасының өткен жылғы басты жетістіктері, ең қызықты оқиғалары, сандар мен фактілер аталды.

Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2018 жылмен салыстырғанда іскерлік белсенділік көрсеткіштерінің өсуі байқалады: жалпы өңірлік өнім бюджетке түсетін 13,9 түсімдердің 4,8% - ға, бөлшек сауда айналымының 12,0% - ға, инвестиция көлемінің 4,9% - ға өсуі. Бұл көрсеткіштерге «Бастау» және «Жас Кәсіпкер» бағдарламалары айтарлықтай үлес қосты, өткен жылы бағдарлама аясында 6900 адам оқып, олардың 2817 грант иегері атанды, ал бүгінде олардың 3 500-ден  астамы оңтүстік астанада өз ісін ашқан кәсіпкерлер.

«Бүгінде «Атамекен қолдау орталығы» мобильдік жұмыспен қамту орталықтары сұранысқа ие, бір жыл ішінде қаладағы осындай 12 орталыққа 23,6 мың адам кеңес алуға және жұмысқа орналасу бойыншы жүгінді», - деп атап өтті Нариман Әбілшайықов.

Палата директорының мәліметінше, жыл басынан бері жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық арасындағы қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін ҰКП-ның Білім беру ұйымдарының тізіліміне қосымша 74 оқу орталығы енгізілді, олардың тізілімінде барлығы 98. Қысқа мерзімді кәсіби оқытумен 2573 жұмыссыз және өзін – өзі жұмыспен қамтығандар қатары қамтылды, олардың 1265 жоба тыңдаушылары, 904 жұмысқа орналастырылды (жұмысқа орналасу пайызы-72 %).

Оның айтуынша, қаржылық емес қолдау аясында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы 5 867 қызмет түрлері көрсетілді, «Бизнес-Мектеп» компонентінде 2525 адам, «Іскерлік қатынастар» құралы бойынша 100 адам оқытылды, «Аға сеньорлар» компоненті бойынша кәсіпорындарға 5 міндеттер өткізілді.

«2019 жылы Кәсіпкерлер палатасына 138 өтініш келіп түсті, оның 50% оң шешімін тапты. Кәсіпкерлердің 10,9 миллиард теңгеге құқықтары қорғалды – бұлардың қатарында есептелген айыппұлдар, салықтарды жою, мүлікті заңсыз алып қою және т. б. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңесте 24 мәселе қаралды, оның 15 кәсіпкерлердің пайдасына  шешілді», - деп айтты Нариман Әбілшайықов.

Оның ақпаратынша, 2019 жылы Палата тарапынан 18 әкімшілік кедергілер анықталды, олардың 8 республикалық, 10 өңірлік деңгейде.

Жиын барысында Нариман Әбілшайықов мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат беріп өтті.

«Бүгінгі таңда экономикалық өсудің құрылымы мемлекеттік бюджеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы да жүзеге асырылуда, бүгінде олардың 8 бар, Қазақстанда бұл бағдарламалардың құны 28 трлн.теңгені құрайды», - деп айтты ол.

Оның мәліметінше, «БЖК 2020» бағдарламасы бойынша 2019 жылы Алматыда субсидия сомасы 4 857 млн.теңгені құрады. Ал 2020 жылға 4 756 млн. теңге бөлінді.

Палата директоры атап өткендей, өткен жылдың желтоқсан айында қолдау құралдары жетілдіріліп, тиімділігі жақсарып, қол жетімділігі қамтамасыз етілген «БЖК 2025» бағдарламасы мақұлданды. Мәселен, айналым қаражаттарына берілетін несие мөлшері 60-тан 360 млн.теңгеге дейін ұлғайтылды, қаржыға қол жетімділікті кеңейту, микроқаржы ұйымдары берген несиелер бойынша субсидиялар мен кепілдемелер енгізіліп, қатысушыларға қойылатын талаптары жетілдірілуде.

«Қарапайым заттар экономикасы» басым жобаларын жеңілдікті несиелеу бағдарламасына келетін болсақ, оны іске асыру кезеңінде бизнестің пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, Үкімет қаулысына 4 пакет түзетулер енгізілді. Несие беру мөлшерлемесі жылдық 8% - дан 6% - ға дейін төмендетілді, несие мерзімінің 1/3-іне жеңілдік кезеңі енгізілді, кепілдік беру құралы қарыз сомасының 50% - на дейін енгізілді, айналым қаражатын қарыз сомасынан 50% - ға дейін толықтыру мүмкіндігі қарастырылды, инвестициялық мақсаттарға кредит мерзімі 7 жылдан 10 жылға дейін ұзартылды. Ең бастысы-кредит беруге жататын тауарлар мен қызметтердің тізбесі 700-ге дейін кеңейтілді, экономикалық қызмет түрлерінің 129 жалпы жіктеуіші басымдыққа ие болды.

«Бүгінгі таңда жобалық кеңсенің жұмысында 79,8 млрд.теңге сомасына 99 жоба бар.  Ағымдағы жылдың 27 қаңтарындағы жағдай бойынша 6,5 млрд.теңге сомасына 14 жоба қаржыландырылды, 6,3 млрд.теңге сомасына 14 жоба екінші деңгейлі банктермен мақұлданды. Банктердің қарауында 32 млрд. теңге сомасына 16 жоба бар», - деді ол.

Кәсіпкерлер палатасының сүйемелдеуімен Мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландыру, индустриялық аймақта жер телімін алу және т. б. мәселелері бойынша 70 жоба бар.

Сонымен қатар, Палата директоры 2020 жылға арналған жоспарларымен, мақсаттарымен, бөлісті.

«Бүгінде біз бизнеске көрсетілетін барлық қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. «Атамекен» ҰКП-да жаңа мақсатты «Digital Atameken» тұжырымдамасы әзірленді, бұл ҚР-да кәсіпкерлікті дамыту үшін сандық экожүйе болып табылады. 1 миллионнан астам пайдаланушыны қамтитын «бір терезе» қағидаты арқылы 400-ден астам қызмет түрлерін ұсыну жоспарлануда », - деп сөзін түйіндеді ол.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер