«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қандай автобустарға автобус жолақтарымен жүру тыйым салынған

2019 жылғы 19 Желтоқсан
- Алматы қаласы
10043 просмотров

Жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауға лицензиясы бар кәсіпкерлерге автобус жолағымен жүргені үшін айыппұл салынған

Ұжымдық өтінім Өңірлік кәсіпкерлер палатасына «Сергек» камераларын түсіп қалған тасымалдаушылардан келіп түсті. Кәсіпкерлерде жолаушыларды тұрақты емес тасымалдауға арналған лицензиялары бар. Салынған айыппұлдардың мөлшеріне қарағанда оларға арнайы автобус жолақтары қолжетімсіз, бұған кәсіпкерлер түбегейлі наразылық білдіруде.

Кәсіпкерлер Алматы қаласы Қала мобильділігі басқармасына жүгінді, басқарма мамандары кәсіпкерлерге қоғамдық  жолақтарымен жүруге қарсы емес екендерін айтты, ал автобустардың мемлекеттік номер белгілерін «Жолақ», «Сергек» және «АИС БДД» жол жүру қағидаларына қатысты құқықбұзу бойынша фото және бейне белгілеудің бірыңғай жүйесіне енгізу үшін Алматы қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасына жүгіну қажеттігі айтылған.

 Бизнесмендер арнайы сұратымды Әкімшілік полиция басқармасына жіберген, одан екі жауап келді. Бірінші жауапта «маршрутты көлік құралдарына арналған жолақтары бар жолдарда... басқа көлік құралдарының осы жолақта қозғалысы мен тоқтауы жүзеге аспайды» делінген, ал «қоғамдық жолақ бойынша жүруге қандай бір рұқсаттар мен құжаттар заңнамамен қарастырылмаған» деп жазылған.

Кейін тағы бір жауап келді, онда: «Маршрутты көлік құралдарын арнайы жолағы бар жолдарда қоғамдық көліктен басқа көлік құралдарының қозғалысы мен тоқтауы жүзеге асырылмайды» делінді. Сондай-ақ, басқарма ҚР Жол жүру ережелерінің 1-бөлімі «Жалпы ережелердің» 2-тармағында: 39-1), қоғамдық көлік – жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес тасымалдауларды жүзеге асыратын, көпшілік пайдаланатын көлік, сондай-ақ такси; 43) маршруттық көлік құралы - жол бойымен жолаушыларды тасымалдауға арналған және белгіленген аялдама пункттері (аялдамалары) бар белгіленген маршрутпен жүретін жалпы пайдаланудағы көлік құралы (автобус, троллейбус, трамвай) деп жазылған.

 Нәтижесінде бір-біріне керағар екі жауап келді, тасымалдаушы автобустардың нөмірлері базаларға енгізілмеді, айыппұлдар алынып тасталмады. Осы проблеманы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің талқылауына салынды. Сұратымды қараған соң Палата сарапшылары Алматы қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының түсіндіру мен ұйғарымдарын заңсыз деп санады, бұл әрекеттер кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік қысым көрсетеді, негізінде әкімшілік кедергі болып табылады.

 

 «Түсіндірмелер заңнаманың қолданыстағы нормаларына қайшы, атап айтқанда, өкілетті мемлекеттік орган ҚР Жол жүру қағидаларының 5.9-тармағына: «Маршрутты көлік құралдарына» сілтеме жасайды, онда бұл жолдың тек белгіленген бағыттағы көлік құралдарының және жалпы көлік құралдарының ағынымен жүретін қоғамдық көліктердің қозғалысына арналғандығы нақты жазылған.  Яғни нормативтік-құқықтық актіде арнайы жолақ маршрутты көлік құралы және басқа да қоғамдық көлікке арналғаны белгіленген», – деді Алматы қаласы ӨКП Әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Дастан Төрегелдин.

 Кеңесте аталған мәселені өкілетті органмен бірлесе отырып шешу бойынша бірлескен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

 

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер