«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы кәсіпкерлеріне интернет арқылы бизнес табыстылығын арттыру жолдары айтылды

2019 жылғы 19 Қыркүйек
- Алматы қаласы
4594 просмотров

Алматыда АТАМЕКЕН ҚР ҰКП  DIGITAL MARKETING WORKSHOP шеңберінде стратегиялық интернет-маркетинг бойынша семинар өтті

WebPromo агенттігі және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, бизнес табысын арттығысы келетін кәсіпкерлердің барлығына стратегиялық интернет-маркетинг бойынша семинар өткізді. Белгілі дәріскерлер бизнес-тақырыптардың ең өзекті мәселелерін қозғады, веб-сайтты жылжытуда интеграцияланған тәсілдерін айтып, оларды тиімді құралдар мен оларды қолдану тәсілдерімен бөлісті, сонымен қатар қатысушыларға бірнеше практикалық кеңестер берді.

Іс-шара спикерлері Қазақстанда Performance agency WebPromo директоры Дмитрий Кудрявченко, respect-shoes маркетинг жөніндегі директоры Владимир Пак, SEED by FCB креативті агенттіктің бас директоры Андрей Миронюк және Қазақстан бизнес-конструкторда атқарушы директоры Айзада Мейрманова болды.

Іс-шара барысында қатысушылар интернет-маркетингтің кешенді стратегиясы қалай жұмыс істейді, оның құрамына не кіреді, желідегі бизнесті алға бастырудың ең тиімді құралдары қандай, тиімді операциялық ырғақ деген не және интеграцияланған стратегиялардың практикалық мысалдарымен танысты.

«Біз осында барлық кәсіпкерлерді және кәсіпорындар бсшылары, маркетологатар және интернет-маркетологтарының басын қостық. Жүйелеу және интернет-маркетинг құралдарымен бөліскіміз келеді. Қазір стратегияны қалай құруға болады, оған не қажет – қандай метриктер,  KPI, тимідлікті арттыруға үшін сараптама жүйелері қажет екенін үйретудеміз. Сонымен қатар, біз контекстік жарнама және SEO құралдары туралы ақпарат береміз, жарнама сайтыңызға клиент тартады. Сонымен қатар осы шығындардың оңтайландыруды да үйретеміз», – деді Қазақстандағы Performance agency WebPromo директоры Дмитрий Кудрявченко.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер