«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда «Жас кәсіпкер» аясында есту және көру қабілеті нашар адамдарға арнайы сынып ашылды

2019 жылғы 28 Тамыз
- Алматы қаласы
6048 просмотров

Бизнес негіздеріне денсаулығы шектеулі 20-дан астам қыз-жігіт оқиды. Бизнес-тренерлер мен спикерлердің дәрісі оларға ымдау тілінде аударылады.

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасына «Жас кәсіпкер» жобасының алғашқы легін бітірушілердің бірі, есту қабілеті нашар адамдарға арналған мамандандырылған сынып ашу туралы ұсыныс жасады, өйткені оның 15 танысы курс тыңдаушысы болғысы келеді екен, бірақ оларға ымдау тіліне аудару қажет болды.

«Біз «Үміт» саңырау мүгедектерді қолдау орталығы» қоғамдық қорына жүгіндік, олар бізге ымдау тілінің аудармашысын беруге келісті. Сондай-ақ, ол жерден «Жас кәсіпкер» тыңдаушысы болғысы келетін нашар көретін жас жігіттер мен қыздар да табылды. Нәтижесінде біз мамандандырылған сыныптарды жасақтап, эксперименттік түрде оқытуды бастадық», – деді Алматы қаласындағы «Жас кәсіпкер» және «Бастау» жобаларының жетекшісі Қуанышбек Ерниязов.

Жобаның серіктесі ретінде қимыл тіліне аудару саласында үлкен тәжірибесі бар «Сурдо-онлайн» компаниясы болды. Олар ноутбук немесе смартфон камерасы арқылы қимыл аудармасын жасауға мүмкіндік беретін онлайн-платформасын әзірледі.

Біз бұл жобаны 2016 жылы құрып, ең жоғары әлеуметтік жобаға ендік. Surdo-online.kz – бұл видеоконференция байланыс, онда есту бойынша мүгедектер тәуліктің кез келген уақытында сурдоаударма ала алатын болады. Бізде қашықтан қызмет көрсететін сурдоаудармашылар жұмыс істейді, сондықтанда кез келген адам басқа елде жүріпте осы қызметте жұмыс істей алады. «Жас кәсіпкер» жобасының тренингтерін курс тыңдаушылары смартфон немесе компьютер арқылы, тіпті үйден де көре алады. Ол үшін surdo-online.kz сайтына кіріп, жоба бойынша оқыту жүріп жатқан трансляцияны таңдауы қажет. Немесе Play market-тен осы бағдарламаны тегін көшіріп, өз мобильді оқудан қарауына да болады. Ең бастысы интернетке қосулы болуы қажет. Өткен материалды қайталау үшін бейнежазбаны көшіріп алуға да болады», – деді «Сурдо-онлайн» ЖШС директоры Роман Кодинцев.

Курс тыңдаушылары берілген мүмкіндіктерге өте риза және өздерінің бизнес-идеяларымен де бөлісуде.

Мен киім дизайнері маманымын, өз киім тігетін шеберханамда бар, мұндағы мәселе клиенттерді табу өте қиын. Бізден қызмет алатындардың көпшілігі негізінен көршілеріміз.  Сондықтан да білім алып, басқа жерден де шеберханамды ашып, өз құрамамды жинақтап, жұмыс істегім келеді» – деді Меруерт.

Оның құрбысы Айжан қазір жұмыссыз, бір кездері салонда қолмен кестелеумен айналысқан, кейін әр түрлі іс-шаралар үшін бонбоньерка жасауды үйренген. Ол өз ісін ашуды армандайды, бірақ ол үшін білім мен тәжірибе жетіспейді.

Андрей кәсіпкер боламын деген ықыласымен курсқа келді.

«Мен тұрмыстық техниканы жөндеумен айналысамын, осы саламен айналысып жүргеніме бір жылға жуық уақыт болды, тапсырыс өте аз – аптасына бір рет қана. Білім қажет, өз жеке кәсіпкерлігімді ашқым келеді», – дейді ол.

Ирина тоқыма жасай алады, ол балаларға арналған оқыту карталарын әзірлейді.

Біз секілді адамдар үшін жақсы білім алу – үлкен бір мәселе. Сондықтан да жобаға қатысып отырғаныма өте қуаныштымын», – деді ол.

Нашар көретін Әлішер мен Ақбота массаж жасауды үйренуде, сонымен қатар өз бизнесін қалай дұрыс ұйымдастыру керектігі туралы білуді жөн санаған.

Біздің сабағымызға келген бизнесі бар адам, оның ары қарай ауқымын кеңейте алады. Әзірге бизнесі жоқ адамдар, оны ашуға үйретеміз және көмектесеміз.  Ең бастысы, ісін жаңа бастаған бизнесмен өзіне не керек екенін анықтау қажет. Біз курс барысында бизнесті мемлекеттік қолдау мүмкіндіктері арқылы, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасынан қандай көмек алуға болатынын, несиелеу бағдарламалары, маркетинг, сату туралы білім береміз», – деп атап өтті «Жас кәсіпкер» жобасының бизнес-тренері Айгүл Жайлыбаева.

Қуанышбек Ерниязов атап өткендей, алдағы уақытта «Бастау» жобасы аясында «Үміт» саңырау мүгедектерді қолдау орталығы базасында, осындай сыныптың ашылуы мүмкін.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында еңбекке қабілетті мүгедектер «Бастау» және «Жас кәсіпкер» жобасының компоненті бойынша білім ала алады, курс соңында олар мемлекеттік гранттар алу байқауына қатысады.

Оқыту Жетісу бизнес-орталығында, екінші қабатта өтеді (мекенжайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Төлебаев көшесі, 38).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер