«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Павлодарда «ASAR» IIІ республикалық форумы өтуде

2019 жылғы 21 Тамыз
- Павлодар облысы
8651 просмотров

Екі күннің ішінде ҮЕҰ-бизнес-мемлекеттің үш жақты ынтымақтастығының «ASAR» IIІ республикалық форумы өтеді
Форум жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік проблемаларын шешуде бизнестің, үкіметтік емес сектордың және мемлекеттік органдардың күш-жігерін жандандыруға бағытталған.
Форум «әр жылы – жаңа өңір» принципі бойынша өтуде, бұл елімізде және жалпы өңірлерде үшжақты  ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін және қарқынын көрсетуге мүмкіндік береді. Алғашқы «ASAR» форумы 2017 жылы Атырауда, екінші форум 2018 жылы Талдықорғанда өткен, биыл форум Павлодар қаласында өтеді.


Форум жұмысына бизнес-құрылымдардың, отандық және халықаралық ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының, орталық және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.
Форум жұмысы SOCIAL – ASAR «Бизнестің әлеуметтік саланы дамытуға қатысуының тиімді модельдері», ЕCO – ASAR «Жасыл» әріптестік форматындағы әлем», IT – ASAR «Әлеуметтік саланың инновациялық дамуындағы IT жобалардың рөлі» және INCLUSIVE – ASAR «Инклюзивтік қоғам уақыты» деген 4 бағытта өтеді.  
Екі күндік форум шеңберінде «Әлеуметтік инновациялар: өңірлік даму жетістігінің формуласы» тақырыбында пленарлық сессия өткізіледі.
Оның аясында үш жақты әріптестікті және оның тетіктерін дамыту, әлеуметтік инвестициялар бағыттарының парадигмасындағы бизнестің қызметі, отанымызды дамытудағы әлеуметтік инвестициялар және т.б. мәселелерді талқылау жоспарлануда.
Сондай-ақ шеберлік сыныптарын, case-study семинарларын, workshop-тар (практикумдер), «#7 Спикер» интеллектуалды конференциясын ұйымдастыру және меморандумдарға қол қою жоспарлануда.


Сонымен бірге алғаш рет «ASAR activity» акциясын өткізу жоспарлануда, оның шеңберінде форум қатысушылары «Бірге – таза Қазақстан» республикалық акциясына қосылатын болады.
Сондай-ақ cisc.kz/ru/site/asar платформасында ҮЕҰ әлеуметтік жобалар конкурсы өткізілді. 144 өтінімнің ішінен ҮЕҰ-ның 
100 жобасы үздік деп танылды. Форум барысында аталған жобаларды таныстыру жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Павлодар облысының әкімдігі және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Форумның ұйымдастырушылары болып табылады.
Eurasian Resources Group (ERG),  Конрад Аденауэр атындағы қор, «Coca Cola Almaty Bottlers» ЖШС және «Атамекен» ҰКП Форумның негізгі серіктестері болып табылады.
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер