«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мектеп асханаларын жалға алушылардан 23 млн теңгеден астам қаражат заңсыз талап етілді

2019 жылғы 16 Тамыз
- Алматы қаласы
5131 просмотров

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының 2016-2017 жылдарға арналған жабдықтарды жалға алғаны үшін, мектеп асханаларын жалға алушылардан берешекті өндіріп алу туралы талабын заңсыз деп санайды

Палатаға мектепті тамақтандыру кәсіпорындарының қауымдастығынан, сонымен қатар қаланың мектеп асханаларын жалдаушылардан, олардың құқықтарын қорғау туралы өтініш келіп түсті.

Бизнесмендердің хабарлауынша, Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы ағымдағы жылдың наурыз айында, Алматы мектептерінің директорларымен кеңес өткізіп, оларға 2016-2017 жылдарға арналған мектеп асханаларын жалға алушы-кәсіпкерлерден қарыз жинауға нұсқау берген. Білім беру мекемелерінің есепшілеріне банк шотының деректемелері ұсынылған, ол жерде жалға алушыларға «ас үй жабдықтарын жалға алу үшін төлем» деген белгісі бар есепке ақша қаражатын жіберетіні көрсетілген, бұл үшін екі апта мерзім белгіленген.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасындағы ақпарат бойынша басқарма асхананы жалға алушыларға қаланың төрт ауданы бойынша жалпы сомасы 23,5 миллион теңге берешек жазып берген(!).  Атап айтқанда, Әуезов ауданы бойынша – 9 млн теңге, Алмалы ауданы бойынша – 2,3 млн теңге, Медеу ауданы бойынша – 2,6 млн теңге, Жетісу ауданы бойынша – 9,6 млн теңге.

Салтанат Лесбаеваның айтуынша, кейбір кәсіпкерлерге 50 мың теңге көлемінде қаржы салған, ал кейбір кәсіпкерлер 5 миллионға дейін берешек болып қалған. Шағын бизнес үшін мұндай қарыз «шоттары» бойынша төлегеннен гөрі, оны жабу оңайға соғады.

Мектеп асханаларын жалға алушылардың нұсқауы бойынша 2016-2017 жылдары басқарма мен кәсіпкерлер арасындағы ас үй жабдықтары туралы ақылы жалға алу шарттары жасалмағанын, оларды тек 2018 жылдан бастап жасай бастағанын көрсетеді.  2016-2017 жылдары кәсіпкерлер оқу орындарымен тікелей келісім-шарттар жасаған және оларға жабдықтарды жалға алуы еш ескертілмеген, өйткені жалға алушыларға жалдау ақысына ағымдағы және күрделі жөндеу жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша шығындар жүктелген.

Жалға алушылар сол кезде өздерінің есебінен ас үй жабдықтарына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізген, қазір де сол жұмыстарды жалғастыруда, оқу орындарынанда, басқарма тарапынанда ешқандай қолдау көрсетілмеген.

Кәсіпкерлердің айтуынша, талап етілген берешекті өтеген жағдайда, олар көрсетілген шығындарды өз өнімдерінің құнына енгізуге мәжбүр болады, бұл ата-аналардың қалтасына ауырлық беріп және сайып келгенде, әлеуметтік шиеленіске әкеледі дейді.

«2018 жылы оқиға былай болды: мемлекеттік активтер басқармасы, біздің қандай құралдармен жұмыс істейтінімізді сұратты. Бізге мектеп шаруашылық меңгерушісімен директор келді, біз оларға көрсеттік, сипаттадық, мұнда біздің қолданатын құралдарымыз бар, бірақ бұл біздің жеке сатып алған заттарымыз деп айттық.  Барлық қағаздарды тапсырып, тарифтік қағаздарды алдық. Ал 2018 жылы біз осы жалға алынған жерді табысты төлеп шықтьқ. Бізді мазалаған нәрсе, 2016 және 2017 жылдар үшін неге қаражат төлеуіміз керек?», – дейді мектеп тамақтандыру кәсіпорындары қауымдастығының президенті Гүлнәр Мамаева.

Кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасының талаптарын заңсыз деп санайды.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің басшысы Салтанат Лесбаеваның пікірінше, міндеттемелер Басқарма мен кәсіпкерлер арасында жасалмаған шарттардан туындайды. Мектептер мен кәсіпкерлер арасындағы шарттар бойынша, кәсіпкерлер тарапынан міндеттемелер тиісінше орындалды, осы шарттардың қолданылу мерзімі аяқталды.

«Басқарма кәсіпкерлерге жоғарыда көрсетілген кезең үшін берешекті өтеу бойынша міндетті жүктеуге негізсіз тырысуды, осылайша олар үй-жайларды мүліктік жалдау шарттарында жабдықты жалдауды уақтылы енгізбегені үшін, жауапкершілікті өзінен алып тастауда», - деп атап өтті ол.

Бұл мәселе тараптардың қатысуымен Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің отырысында қаралды.

Кеңес отырысына қатысқан Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының мүліктік жалдау бөлімінің басшысы Асқар Нұрлан, Кәсіпкерлер Палатасы осы мәселе бойынша басқармаға екі рет өтініш білдіргенін, Мемлекеттік мекемеден «бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлерден ешқандай талап қойылмағаны жөнінде екі рет жауап бергенін атап өтті.

Оның айтуынша, тексеру комиссиясының тексерісінен кейін Басқарма мектеп директорларымен кездесу өткізген, бизнесмендермен олар кездеспеген және оларға талаптартар қоймаған.

Білім басқармасының және мемлекеттік активтер басқармасының хатында көрсетілген әр түрлі аудандар бойынша берешек сомаларына қатысты, Нұрлан Асқар былай дейді «кәсіпкерлерге емес, бұл мектеп директорларына алдын ала айтқан деректер болған. Біз кәсіпкерлерді бірде-бір рет жинамадық, бірде-бір рет ешқандай талап қойған жоқпыз».

Олардың болашақта мұндай жағдайларға жол бермеуі үшін, біз директорларды ережелермен таныстыру мақсатында,  ертең кәсіпкерлер келіп, біз мұндай жабдықтарды пайдаланбадық деп айтпас үшін жинадық. Сонымен қатар біз алдын ала түсініктеме бердік. Оларды жинамас бұрын, біз олардан қандай мүліктері бар екенін сұраттық және атап айтқандай, сіздің кінәларыңыз себепті осындай құқық бұзушылық орын алды деп айтылмас  үшін», – деп атап өтті ол.

Салтанат Лесбаеваның айтуынша, бұл жағдайда шенеуніктер тікелей емес, мектеп директорлары арқылы әрекет еткенін айтып өтті. Айта кету керек, Алматы қаласында қоғамдық тамақтану саласында 200-ге жуық кәсіпкер қызмет көрсететін 283 мектеп бар.

«Бүгінгі таңда жалға алушылардың 20%-ға жуығы өткен жылдарды жалға алғаны үшін, оларға берілген қарызды төледі, сомасы аздары», – деп толықтырды Гүлнар Мамаева.

Нәтижесінде, Алматы қаласының Тексеру комиссиясына Кеңестің қабылдаған шешімін, сондай-ақ 2016-2017 жылдардағы жабдықтарды жалдау бойынша берешекті өндіріп алу үшін заңды негіздердің жоқтығы туралы хат жіберу туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ мемлекеттік органның негізсіз талаптары мәселесі бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің жанындағы Әдеп жөніндегі Кеңеске жүгінуді ұсынды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 мемлекеттік мүлікті, мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын әзірлеуші ретінде кәсіпкерлердің Жабдықтарды жөндеуге және техникалық күтіп-ұстауға арналған шығындарын есепке алу және осы шығындардын жалға алу құнына оны көтермей қосу ұсынылсын. Сондай-ақ, мұндай фактілерге жол бермеу туралы «Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы» КММ көрсету керек.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер