«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда #BASTA OPEN AIR кездесуі өтті

2019 жылғы 10 Тамыз
- Алматы қаласы
3649 просмотров

Жас кәсіпкер» жобасының 400-ден астам тыңдаушысы Бутаковка шатқалындағы BASTA кездесуіне қатысты

BASTA алаңында екінші рет «Жас кәсіпкер» жобасының түлектері жиналды, алайда бұл жолғы кездесу табиғаты тамаша Бутаковка шатқалында өтті. Жоба ұйымдастырушыларының ойынша, OPEN AIR форматы кездейсоқ таңдалмаған – курс тыңдаушылары бір-бірімен жақынырақ танысып, іскерлік ойындарға қатыса алды.

«Бүгінгі кездесуге «Жас кәсіпкер» жобасының алғашқы легінің 400-ден астам қатысушысы жиналды. Алдағы уақытта жоба аясында біз әр лектің қатысушылары үшін осындай ерекше форматтағы кездесулерді ұйымдастыруымыз мүмкін», – деп өз ойымен бөлісті Алматы қаласы бойынша «Жас кәсіпкер» жобасының жетекшісі Қуанышбек Ерниязов.

Жігіттер мен қыздар үшін арнайы кейс-ойындары ұйымдастырылды, олар екі апта ішінде алған бизнес-білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексеру және бекітуі үшін керек болды.

«Кейс-ойын барысында Алматы қаласының сегіз ауданынан келген курс тыңдаушылары, болашақта іске асыруды жоспарлап отырған өздерінің бизнес-идеялары мен жобаларын қорғады», – деді Алатау ауданының бизнес-жаттықтырушысы Біржан Серіков.

«Маған бүгінгі кездесу өте ұнады. Іс-шара барысында ауданаралық топтармен жұмыс жүргізіп, жоба қатысушыларымен танысу мүмкіндігі туды. Сонымен қатар, жаңа идеяларымен танысып, тәжірбие алмастық», – деп айтты Медеу ауданы «Жас кәсіпкер» жобасының түлегі Ақтұйғын Мақұлбекова.

 

Естеріңізге сала кетсек, Алматы қаласында 14 тамыздан бастап қыркүйек айының соңына дейін Атамекен ҚР ҰКП-ның  «Жас кәсіпкер»  жобасы  басталды. Жас кәсіпкер» жобасының қатысушылары 18 бен 29 жас аралығындағы жастар: Олардың қатарында жұмыссыз жастар, мектеп, колледж және университет түлектері, жас және аз қамтылған көпбалалы отбасылар, еңбекке жарамды мүгедектер  және жас кәсіпкерлер қатыса алады.

Толығырақ ақпарат алу үшін «Атамекен» ҚР ҰКП байланыс орталығы -1432 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), Алматы қаласы бойынша +7 (727) 33 101 33 (ішкі байланыс 803, 7535), сонымен қатар WHATSAPP желісі арқылы +7 (707) 781 45 88 нөмеріне сұрақтарыңызды қоя аласыздар.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер