«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда үздік бизнесмендердің есімі аталды

2019 жылғы 12 Шілде
- Алматы қаласы
4262 просмотров

12 шілде күні Алматыда 70-ке жуық кәсіпорынның басын қосқан «Қазақстанның үздік тауары-2019» өңірлік көрме-байқауы өз мәресіне жетті

Көрмеге алматылық бизнес-қауымдастығының белді майталмандары қатысты. Олардың қатарында киім, аяқ киім, медициналық жабдық, балалар ойыншықтары, азық-түлік, техника өндіруші кәсіпорындары бар. Байқауға келген қонақтар көрмеге қойылған тауарлардың сапасын бағалап, қалаған өнімді арзан бағамен сатып алып, сондайа-ақ қосымша жүлделі ұтыс ойындарына қатысуға мүмкіндіктер алды.

Мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҚР ҰКП және бизнес қоғамдастық өкілдерінен құралған сараптау комиссиясының шешімімен, Алматы қаласы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары есімі анықталды. Олар:

  1. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталамы бойынша – «Келет» АҚ, «Inno Track» ЖШС, «Savenergy» ЖШС иеленді.
  2. «Халыққа арналған үздік тауарлар» аталымы бойынша – «ПЭРИ» ЖШС, «КОВАZ» ЖК, «Казлегпром-Алматы» ЖШС берілді.
  3. «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымына – «Бекер и К» ЖШС, «Хлебозавод №7» ЖШС, «Цин-Каз» ЖШС-на берілді.

Айтулы іс-шараға Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, әкім орынбасарлары Ержан Бабақұмаров және Сапарбек Тұяқбаев, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратов, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысты.

«Байқау елімізде 2006 жылдан бастап, 13-ші рет ұйымдастырылуда. Биылғы жылыда көрмеге қатысуға ниет білдірушілер өте көп болды. «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары үш аталым бойынша анықталады. Олар «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық үшін үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары». Мен үшін байқауға қатысып отырған әрбір компания жеңімпаз атануға әбден лайықты», – деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

Сонымен қатар, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына алматылық сауда орталықтарының жалға беру бөлімдерінің өкілдері де қатысты. Сауда орталықтарының қатысудағы мақсаты отандық тауар өңдірушілерге үй-жайларды жалға беру бойынша қызметтерін, жолдарын, бағытынтарын түсіндіру. Қатысушылардың қатарында «MOSKVA metropolitan», «Forum Almaty», «Mega Аlma-Ata», «Мерей», «Magnum Cash & Carry» және т.б сауда орталықтары болды.

Көрменің мақсаты - қазақстандық тауарлардың сапасын көрсету. Өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халық арасында сапа идеясын танымал ету. Байқауға қатысу арқылы кәсіпорындар өздерін танытуға, тауарын жарнамалауға, тұтынушы қатарын арттыруға зор мүмкіндік алады.

Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысының жарлығымен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының ұйымдастырушылары «Атамекен» ҚР ҰКП және Өңірлік кәсіпкерлер палаталары болып бекітілді.

Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары республикалық деңгейдегі байқауға қатысуға жолдама алады, сондай-ақ өз өнімі жайында бүкіл республикаға жариялау мүмкіндігіне ие болады.

Байқаулар туралы толық ақпаратты  www.altynsapa.kz  сайтынан алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер