«Атамекен» Алматы қаласы білім басқармасына қызметтерді автоматтандыруға көмектеседі
Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы және білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру үшін IT-қауымдастықты тартуда
Қазіргі уақытта bilimalmaty.kz электрондық платформасының жұмысын жақсарта алатын, мамандарды белсенді түрде іздеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында «Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы» КММ директоры Андрей Дупик хабарлады.
«Алматы қаласы бойынша үш мемлекеттік қызмет электрондық форматта көрсетіледі: балабақшаларға, мектептерге және биылғы жылдың жаңалығы – лагерьлерге қабылдау. Өтінімдерді bilimalmaty.kz сайтына жіберуге болады. Балабақшаларға өтінімдерді қабылдау 21 мамыр күні сағат 07.00-ден, ал бірінші сынып оқушыларына арналған мектептерге өтінімдерді қабылдау 1 маусым күні сағат 08.00-ден басталад» – деді Андрей Дупик.
Онлайн-платформа жалпы орындар санының толық көлемін, шағын аудандарда бос орындардың болуын, өтінім тарихын көруге, электрондық кезек барысын бақылауға мүмкіндік береді.
«Сайт мобильді нұсқаға бейімделген, алайда жыл соңына дейін біз тағы да мобильді қосымшаны жасағымыз келеді. Алматы Кәсіпкерлер палатасының алаңында біз IT-компаниялардың өкілдерімен кездесіп, алдағы жұмыстарымызды жетілдіру үшін нақты ұсыныстар мен идеяларды тыңдадық. Алдағы уақытта біз осы компаниялармен сервистерімізді жақсарту үшін жұмыс жасайтын боламыз», – деп түсіндірді Андрей Дупик өз мәліметінде.
Бұған дейін тұрғындар тиісті бөлімнің сайтына шағым түсірген болатын. Жүйенің үздіксіз жұмыс істеуі үшін биылғы жылы Алматы қаласы білім басқармасы қосымша төрт серверді сатып алды.
Сондай-ақ әзірлеушілердің айтуынша, bilimalmaty.kz сайты сыбайлас жемқорлықты жоюға мүмкіндік береді. Осылайша, білім беру мекемелері әкімшілігінің заңсыз әрекеттеріне байланысты, 1308 қысқа нөміріне хабарласуға болады. Байланыс телефоны халыққа кеңес беру, шағымдар мен ұсыныстарды қарау мақсатында ашылды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: