«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

LORIEN: Алматыда бизнестің жаңа бағыты ашылды

2019 жылғы 06 Мамыр
- Алматы қаласы
3212 просмотров

Отбасылық жұп тері күтіміне арналған жаңа формуланы шығарды

Алматыда бьюти-индустриядағы жаңа бағыт қарқынды дамып келеді. Арманға қарай қадам басқан жоғары талпыныс иелерінің бірі – Данияр мен Оксана Бүксүкбаевтар отбасы. Міне, бір жылдан бері ерлі-зайыптылар бірлескен бизнесте жұмыс істеп, бет, дене және қол терісіне күтім жасау құралдарын шығаратын зертхананы ашты.

«Барлығы менің әйелім босанғаннан кейін, бетіне қара дақтар пайда болып, содан құтыла алмағандығынан басталды. Қымбат және орташа бағадағы ағартқыш заттарды сатып алып пайдаланып көрді, алайда көпшілігі аллергиялық реакцияны тудырды, кейбіреулері мүлдем көмектеспеді. Содан кейін біз терінің барлық талаптарына сәйкес келетін,  үйде крем жасауға шешім қабылдадық. Нәтижесінде 3 айдан кейін бірыңғай аллергиялық реакция тудырмай, барлық қара дақтар жоғалып кетті», – деп айтты Данияр Бүксүкбаев.

Нәтиже анық болып сезілген сәттен бастап, Бүксүкбаевтар отбасына туыстарымен таныстыра келіп қызығушылдықтарын жеткізе бастаған.  Барлығы оның құпиясын сұрап, содан кейін оны ақыға жасауға өтініш білдірген. Қазіргі уақытта компанияның барлық өндірісі кіші-зертханада орналасқан, онда кремдер, сарысулар, езгіштер, скрабтар мен маскалар үшін құрамдар аппаратсыз қолмен дайындалады. Кәсіпкерлер жабдықты, компоненттерді және орауды Ресейден әкеледі. Қазіргі таңда 20 өнімнің түрі бар, 2020 жылға қарай өндірушілер оны 40 түрге дейін кеңейтуді жоспарлап отыр.

«Біздің өнімдеріміз-таза өнімдер. Иіссіз және химиялық қоспасыз әзірленген. Біз вакуумдық қаптаманы, табиғи құрам өз күшін барынша ұзақ мерзімге сақтау үшін пайдаланамыз. Жыл сайын қазақстандық әйелдер опа далапқа шамамен 160 млрд теңге жұмсайды екен және де бұл ақшаның барлығы дерлік елден сырт мемлекетке кетеді, себебі көптеген өнімдер бізге шетелден алып келінеді. Біз импортты алмастыруды ғана емес, экспорт есебінен Қазақстанға ақша алып келуді көздеп отырмыз», – деп айтқан Данияр Бүксүкбаев алдағы жоспарларымен де бөлісті.

Халықаралық нарыққа шығу үшін кәсіпкерлер бренд атауын қиындатпауды шешіп «LORIEN» деген атауға тоқталған. Аңыз бойынша бұл атау эльфалар мекендейтін сиқырлы орман деген атауды білдіреді. Олар әдемі тұлға, олардың мәңгілік жастары мен сұлулығы, бүгінге қызғаныш нысанасы болып қала береді... Шын мәнінде, жұптарға көптеген мәселелерді шешуге тура келеді, олардың бірі халықаралық сапа сертификатын алу үшін көптеген құжаттарды жинауы.


Ұқсас жаңалықтар:

Солтүстік Қазақстандағы отбасылық бизнес
16 Маусым
2015
Солтүстік Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер