«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қазақстанның үздік тауары»: Алматыда байқаудың басты шарттары айтылды

2019 жылғы 16 Сәуір
- Алматы қаласы
2432 просмотров

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасында «Алтын сапа» сылығын алу байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының қатысушыларына арналған оқыту семинары өтті

Шағын, орта және ірі бизнес өкілдері «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауы  және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының шарттарымен танысты. Семинар барысында байқауға қатысуға ниет білдірушілерге материалдарды дайындау, өткізілу тәртібі мен ережелері, халықаралық сапа байқауларының қызықты фактілері туралы айтылды.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына Қазақстан Республикасының аумағында өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларын және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға қатыса алады; байқау ұйымдастырушысы растаған өнім сапасының тұрақты жоғары деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелі түрде жақсарту бойынша оң нәтижелері бар», – деп «Атамекен» ҚР ҰКП республикалық байқауларды ұйымдастыру жөніндегі басқарушы директоры Салтанат Әбдікәрімова мәлімдеді.

Байқау үш аталым бойынша өткізіледі: «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары». Әр аталым бойынша үш жеңімпаз анықталады. Байқау дипломанттары төрт жыл бойы байқаудың эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

«Алтын сапа» сыйлығын алу байқауы, ұйым өнімінің және/немесе қызметтердің сапасы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізгені үшін, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың тиімділігі жоғары әдістерін енгізгені үшін жыл сайын байқау негізінде беріледі.

«Марапаттаулар байқаудың лауреаттарына, байқаудың эмблемаларына, лауреаттардың дипломдарына және ақшалай сыйақыларымен марапатталған қатысушыларға беріледі. Ақшалай сыйақының мөлшері 450 айлық есептік көрсеткішті құрайды», – деп Салтанат Әбдікәрімова хабарлады.

Сыйлық алуға мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан астамын құрайтын ұйымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген рәсімдерді жүзеге асыру туралы белгіленген тәртіппен шешімдер қабылданған ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен (қару-жарақ пен әскери техника өндіруді қоспағанда) айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар  үміткер бола алады.

Қосымша ақпараттарды алу үшін тел.: 8 (727) 33-101-33 (ішкі:7525) Алексеева Любовь Яковлевна. Біздің мекенжайымыз: Алматы қаласы, Жібек жолы даңғылы, 135 «Жібек жолы» бизнес-орталығы, 2 блок, 8 қабат.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер