«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда төзімділігі жоғары кабель құбырларын өндіретін зауыт ашылды

2019 жылғы 05 Ақпан
- Алматы қаласы
7106 просмотров

Кәсіпорын тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған шиыршықты құбыр өндірмек. Өнімнің жергілікті қамтудағы үлесі 70%-ды құрайтын болады. Зауыттың ашылуына Оңтүстік Корея, Канада және Ұлыбританиядан 1,4 млрд теңге көлемінде шетеледік инвестициялар тартылған. Қазақстандық тараптан Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Максим Барышев акционер болды.

«Жоғарытөзімді Кабель Құбырларының зауыты» ЖШС Алматы облысындағы Damu Logistics индустриялық-логистикалық орталықта орналасқан.

 «Әлем бойынша жоғары тығыздықтағы полиэтиленнен шиыршықты құбырларды шығаратын небәрі 6 зауыт-өндіруші бар. Олар Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка, Сауд Арабиясы, Иран, Вьетнам және Қытай елдері. Қазақстан осындай құрбырларды өндіретін жетінші ел болады», – деді ашылу салтанатында зауыт директоры Максим Югай.

Спикердің айтуынша, жаңа өндірістің басты артықшылығы – поливинилхлоридтен жасалған құбырларды орналастырумен салыстырғанда полиэтиленді құбырларды орнатуға кететін қаражат 30-50% үнемделеді. Ал полиэтиленді құбырларды монтаждау 30 есе тез.

«Құбырларымыз мықтылығы жоғары, сыртқы факторларға, соққыларға төзімді, экстремалды температураларда деформацияға ұшырамайды, жарамдылық мерзімі 50 жылдан асады», – деді ол.

 Зауытта Оңтістік Корея жабдығы қойылған, өндірістік қуаттылығы – айына 1000 км-ға дейін  құбыр, бес ұшты құбыр өндірісі – айына 200 км құбыр.

 «Қазақстан аумағын неге таңдадық? Біріншіден, салық салу жүйесі оңтайландырылған, екіншіден, географиялық орналасу өте ыңғайлы, үшіншіден, халықаралық келіссөздер бар, бұл құжаттар арқылы біз  ТМД және Кедендік Одақ елдеріне өнімімізді жеткізе аламыз», – деді акционер Максим Барышев.

Акционер жаңа зауытта танымал кореялық ITECO компаниясымен өндірілген қазіргі заманғы өлшеу құралдары және сынақ жабдығымен жабдықталған өз зертханасы барын хабарлады.

Зауыттың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан Алматы қаласы ӨКП Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратов елімізде келешекті кәсіпорынның құрылғанымен құттықтады.

 «Қазақстанға шетелдік инвесторлар келуде, бұл үдеріспен қоса инновациялық технологиялар өндіріске енгізіліп жатыр. Жаңа кәсіпорынмен бірге жаңа жұмыс орындары ашылады – 60-80 адам жұмыспен қамтылады, олар отбасыларын қамтамасыз етеді. Жаңа зауытқа табыс тілеймін!».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер