«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы трамвай депосын ІТ-компанияларына жалға беру ұсынылды

2019 жылғы 25 Қаңтар
- Алматы қаласы
5589 просмотров

Бұл ұсынысты Arbuz.kz бас директоры, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы IT-кеңесінің төрағасы Алексей Ли айтты

Ақпараттық технологиялар, ІТ-білім беру және электронды коммерция  саласында жұмыс істейтін компанияларға арналған жұмыс кеңістіктердің жетіспеушілігі мәселесі Алматы қаласы ӨКП ІТ-кеңесінің 2019 жылы өткен бірінші отырысында талқыланды.

Кеңеске төраға болып сайланған Алексей Ли орын алған мәселені шешу мақсатында қалада бос тұрған нысандарды пайдалануға ұсыныс жасады. Мұндай ғимараттарға реконструкция жасап, фулфиллмент және коворкинг-орталықтарын құруға болады.

 

 «Бос тұрған ғимараттарды шартты тұрғыда екі түрге – мемлекеттік және жеке кәсіпорындар деп бөлуге болады. Біздің ұсынысымыз – бос тұрған ғимараттар мен нысандарды инвесторлар сатып алуы керек немесе жеке компаниялардың басқаруына ары қарай сатып алу мүмкіндігімен берілуі керек. Онда  коворкинг-орталықтарды, фулфиллмент және ІТ-компаниялардың стартаптарына білім беру орталықтарын құруға болады. Кезінде Украина мен Беларусь мемлекеттері осылай істеген. Бүгінде олар әлемнің көп елдеріне арнап халықаралық аутсорсингті қамтамасыз етіп отыр», – деді Алматы ӨКП аппарат жетекшісі Нұрлан Қабіштаев.

«Трамвай депосының тағдыры қалай болатыны қызықты. Бұл нысанның қала тарихы үшін маңызы зор. Кезінде оны коммерциялық мақсатқа бермеді... дәл сол жерде қалыптасып келе жатқан ІТ-индустриясына арнап жеке жоба мәселен, ІТ-кварталын құруға болады. Бұл шешім Алматының әлемнің стартап-астанасы ретінде дамуға дайындығын көрсететін айтулы белгі болар еді», – деді Алексей Ли.

Бүгінде Алматы трамвай депосы болған орында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Depo Evolution Park ашылған.

 Естеріңізге салсақ, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы жанындағы  ІТ-кеңесі былтыр құрылған.

 Кеңес жұмысының басты бағыты – бизнес және қаланы цифрландыру және автоматтандыру туралы тәжірибе мен ақпаратты тиімді алмасу. Кеңестің мақсаты ұсыныстарды әзірлеу, жүзеге асыру және ақпараттық технологияларды енгізу.

Кеңес құрамына Zero To One Labs, OpenIT, Бірінші Несие бюросы, 2GIS, OK Auto, Arbuz.kz, NEUPUSTI.NET, ЭлтексАлатау, Казтелепорт, AUTOMATO, DAR, ҚБТУ Инжиниринг және ақпараттық технологиялар институты және басқа компаниялар кіреді.   

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер