«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесменге салынған айыппұл 12 есе азайтылды

2018 жылғы 26 Қараша
- Алматы қаласы
6095 просмотров

Кәсіпкер 9300 АЕК орнына 750 АЕК қана төлейді – осындай нәтижеге Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының заңгерлері қол жеткізді. Заңгерлер «Дауыс баспасөз тарату жөніндегі қалалық басқармасы» ЖШС-ның мүддесін сотта қорғады

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының көмегіне «Дауыс баспасөз тарату жөніндегі қалалық басқармасы» ЖШС жүгінген. Фирма басшылығы Алматы қаласы прокуратурасының жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қаулысы және Бас мемлекеттік инспектордың шешімдеріне қатысты  наразылығымен келіспеді.

 Анықталғандай, прокурор бизнесменге қатысты Алматы қаласының жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектордың атына 5 наразылық хат жіберген. Бас мемлекеттік испектор компанияға қатысты өзінің әр шығарған қаулы бойынша өндіріп алу мөлшерін 450 АЕК-тен 3000 АЕК-ке көтеріп, алдында жасаған 5 қаулысын өзгертті. Нәтижесінде айыппұл сомасы алдында төленген 2250 АЕК-ті есептеусіз, 15 000 АЕК-ті құрады.

Компания үшін 30 млн теңгеден астам айыппұл банкроттықты білдірді. Осы уақытта «Дауыс баспасөз тарату жөніндегі қалалық басқармасы» ЖШС заңгерлік көмек алу үшін Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

 «Прокуратура наразылығында Прокурор 2017 жылы кәсіпкерге қатысты жерді пайдалану және қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың әкімшілік іс жүргізуін қарауға қатысқан жоқ делінген, сондықтан наразылық білдіру мерзімі қайта қалпына келтіруге жатады. Біз бұл дәйектерді негізсіз және әкімшілік заңнама талаптарына сай емес деп санадық. Бұл бизнеске қатысты қарастырылған әкімшілік өндірістер  қадағалау орган өкілдерінің міндетті қатысуы керек істер категориясында жатпайды. Сонымен қатар заң бойынша прокурор бұл істе хабардар етілетін адамдар санына кірмейді», – деді ӨКП сарапшысы Роза Әбуова.

 Нәтижесінде ӨКП заңгерлері Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясында үш наразылық бойынша айыппұл мөлшерін 9300 АЕК-тен 750 АЕКке дейін түсіре алды. Басқа екі наразылықты апелляциялық қаулының  заңды күшіне енуін ескере отырып әкімшілік сот қарады.   

 «Дауды уақтылы және сапалы шешкені үшін Палатаға алғысымызды айтамыз. Кәсіби әрі жұмылған жұмыстарыңыз арқылы серіктестігімізге қатысты әділ сот актісі шығарылды», – деді өзінің алғыс хатында «Дауыс баспасөз тарату жөніндегі қалалық басқармасы» ЖШС жетекшісі Аида Құндызбаева.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер