«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тәуелсіз мониторинг Қазақстанды цифрландыруды кім жүргізіп отырғанын көрсетеді-Олжас Ордабаев

2018 жылғы 17 Қараша
3550 просмотров

Идеядан қарекетке көшу керек. Ұлттық палата бағдарламаға тұрақты тәуелсіз мониторинг жүргізуді ұсынады.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттің цифрлық тапсырыстарын кім орындайтындығын түсіну үшін Digital Arena үшінші рет бір алаңда вице-министрлер мен IT-мамандарды жинады. Astana-Hub алаңында кезекті рет мемлекетпен ашық диалогқа ІТ-компаниялардың 200-ге жуық өкілі жиналды.

Айта кету керек, вице-министрлер іс-шараға белсенді қатысып, еркін форматта ІТ-мамандармен танысады. Форумды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қолдауымен «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы IT-кеңес ұйымдастырды. Ұлттық палатаның Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаевтың айтуынша, Digital Arenaның басты міндеті - отандық компанияларды тапсырыспен қамтамасыз етуге мұрындық болу.

«Ұлттық палата келесі кезекте «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға тәуелсіз мониторинг жүргізуді ұсынады. Онда нарық мемлекеттің цифрлық тапсырыстарын кім орындайтынын көреді: квазимемлекеттік компаниялар ма, шетелдік өкілдер ме немесе қазақстандық нарық па?! «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратураның қадағалауы» бизнесті қорғау жөніндегі III-форумда Тимур Құлыбаев бүгінгі таңда Қазақстанда 26 ІТ-саласында квазимемлекеттік компания жұмыс істейтіндігін айтқан болатын. Ұлттық палата квазимемлекеттік сектордағы ІТ-жобалардың мейлінше аз болуын қолдайды», - деді Олжас Ордабаев.

​​​Бүгінде елімізде кейбір салаларда шетелдік фирмаларды ауыстыра алатын және цифрландыруды жүзеге асыруға көмектесетін компаниялар жеткілікті. Әзірше қазақстандық IT-компаниялардың әлеуеті нашар пайдаланылуда. Ресейде өз IT-нарығы өте қатаң қорғалады...

«Ең алдымен, онда компанияларды тізілімнен таңдайды. Біз де сондай тізілімді құруды ұсынамыз, оның ішінен мемлекеттік органдар бірінші кезекте қазақстандық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алады».

IT-кеңестің төрағасы Мирус Құрмашев, кездесу бақылау, қадағалау және күштік құрылымдардың проблемаларды талқылауға және отандық компанияларды жұмысқа тартуға ашықтығы мен дайындығын көрсетті. Өз кезегінде IT-қоғамдастық біздің форумда сұрақ қоюға, жауап алуға және оның орындалуын қадағалауға болатынын, атап өтті.

«Біздің алаң «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мәселелерді, міндеттер мен стратегияларды талқылау орнына айналды. Әрбір жаңа кездесу IT - нарыққа қай бағытта жылжуға  терең түсінік береді. Бүгін біз үшін жабық есік қалмағанын түсінеміз. Қазір мемлекеттік органдар IT-қауымдастықтың жаңа трендтері мен идеяларына дайын», - деді Мирус Құрмашев.

Ресми емес жағдайда ҚР Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы Данияр Айтмұхаметов Министрліктің цифрландыру аясында қандай жобаларды жүзеге асыратынын айтты.

«Бүгінгі таңда бізде екі ірі жоба бар: «Е - заңнама» және инновациялық эко-жүйе құру. Мақсаты-нормативтік құқықтық актілердің өмірлік циклін автоматтандыру. Қызмет сапасын арттыру. Бұдан не күтеміз? Бірінші кезекте цифрландыру қоғамды заң шығарушылыққа тартуға көмектеседі және заңдағы проблемаларды анықтау институтын жақсартады», - деді Данияр Айтмұхаметов.

Спикердің айтуынша, бұл жобалардың ерекшелігі-ақпарат жинау бойынша роботты енгізуде. Сондай-ақ big-data жүйесін құру жоспарлануда.

ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Қайрат Жақыпбаев ресейлік әріптестердің прокуратураның осы бағытта атқарып жатқан жұмысына таң қалғанын айтты.

«Біз қылмыстық істерді электронды тұрғыда тіркеп бастадық. Қазақстан осылайша  қылмысты тіркеуден сот үкіміне дейінгі циклын құрды, - деп атап өтті Қайрат Жақыпбаев. - Алда бізде үкімді орындау жүйесіне де ІТ шешімдерді енгізу жөніндегі жоспарлар бар. Сіздер бұл істе бізге көмектесе аласыздар, деп үміттенеміз».

Айта кету керек, «Digital Arena» бірінші форумының қорытындысы бойынша ҚР ДСМ вице-министрлері, ҚР ҚМ, ҚР ЕХӘҚМ, ҚР БҒМ қатысуымен бұл министрліктерге 30-дан астам IT-компания олардың мәселелерін шешуге дайын екендіктерін білдірген. Бүгінде олардың үштен бірі пилоттық жобалар жүргізіп, оларды сынақтан өткізуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер