«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Этикеткалар мен баға белгілеріне заң күшейді

2018 жылғы 22 Қазан
- Ақтөбе облысы
5975 просмотров

Зияткерлік меншік саласындағы ынтықмақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Бүгін Ақтөбе облысының Әділет департаменті, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы, Ішкі істер департаменті және аймақтық баспаханалардың басшыларымен арадағы зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат зияткерлік меншік құқықтары нысандарын қолдану кезінде заңды сақтауды көздейді. Бұл салада заңбұзушылықтар, негізінен, өнімдердің заттаңбаларын дәлелдеме құжаттарынсыз басып шығару болып табылады. Қатысушы тараптар аталған заңбұзушылықтарды болдырмаудың маңыздылығын мойындай отырып, меншік саласындағы құқық бұзушылық салдарына алдын-алу шаралары арқылы төтеп беруді жүзеге асыру мақсатында меморандум жасасты.

«Сауда немесе ойын-сауық нысандарының маңдайшыларына белгілі фирмалардың затбелгілерін көшіріп басу деректері жиі кездеседі. Бүгінгі меморандум осындай заңсыздықтардың алдын-алу және заттаңбаларды меншік иесінің рұқсатынсыз көшіріп басудың жауапкершілігі туралы тағы бір рет ескерту мақсатында жасалып отыр», – дейді Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Тимур Убишев.

Меморандум талаптары бойынша Кәсіпкерлер палатасы, Әділет департаменті, Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы тұрғындарға арналған түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мемлекет кепілдік берген тегін заң көмегіне және құқықтық сауаттылығын арттыруға көмек береді. Ақтөбе облысының Ішкі істер департаменті осындай құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданады. Баспахана басшылары тауар таңбаларын дәлелдеме құжаттарынсыз басып шығармауға міндеттеледі.

«Заңды сақтау-еліміздегі әрбір азаматтың міндеті. Бұл тұрғыда әрекетсіздік  таныту да заңсыздыққа жағдай туғызу болып саналады. Сондықтан қаламыздағы әрбір азаматты заң талаптарын орындауда немқұрайлық танытпауға шақырамын. Бүгінгі меморандум қоғамдағы қатынастарды дұрыс шешуге, сонымен қатар қандай да болмасын қатынастардың бұзылуының алдын алу мен реттеуге өз үлесін қосады деп ойлаймын», – деді Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлыбек Мұқанов.

Меморандум Ақтөбе облысының әкімі мен облыстық прокуратура бекіткен «Криминогендік жағдайға қоғамның әсерін арттыру жолымен құқықбұзушылықтардың алдын-алу» шаралар жоспары аясында жүзеге асырылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер