«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оффлайн-бизнеске де интернет-дүкен керек пе?

2018 жылғы 19 Қазан
- Алматы қаласы
5905 просмотров

Бизнес-жарнама

Бизнестің мақсатына қарай онлайн арқылы өнімді алға жылжыту, CPO, CPL, CPS, ROAS, ROI және басқа да «қорқынышты сөздердің» тәржімасы, жарнама компаниясының табыс критериі мен тиімділікті өлшеу, пайдалы ресурстар мен сілтемелер – бұл Алматыда өткен Маркетологтар клубының XXII-кесдесуінің қатысушылары талқылаған тақырыптардың бір парасы ғана. Маркетинг магистрі, Орта Азияда «Тикетон» ірі билет онлайн сату компаниясының бас директоры, AWARD.kz ұлттық интернет сыйлығының PR-директоры, Forbes Қазақстан нұсқасы бойынша «30 моложе 30» рейтингінің қатысушысы Виктория Торгунакова бастауыш кәсіпкерлерге дәрісті оқыды.

 «Мақсатты аудитория (МА)– бұл сіздің тауарыңызды қажет ететін аудитория. Ол қайда? Аудиторияны қалай іздейсіз? Өзіңіздің МА анықтау үшін георграфия мен демографияны, клиентіңіздің әлеуметтік мәртебесін білген жөн. Және оны не қозғайтынын білу керек. Оң мотивация (клиентіңіз ұмтылатын нәрсе) немесе теріс мотивация (клиенттеріңіз қашатын нәрсе)», – деді Виктория Торгунакова дәрісте.

Сонымен қатар Виктория интернет-жарнама нарығына дәл қазір шығудың қажеттілігін айтты. Оның айтуынша, қазіргі таңда нарықта бәсекелестер аз, осы ретте өсуді үлкен әлеуеті бар. Бұған қоса бәсекелестерде қызмет көрсетудің сапасы деңгейі жоғары емес, демек өсуге болады. Бизнес-үдерістерді оңтайландыру және келешекте шығындарды азайту мүмкіндігі, қосымша сату арналары, үлкен нарыққа шығу мүмкіндігі бар.

Интернет-жарнаманың артықшылығы мақсатты аудиторияға дәл тию, жарнамалық байланысының төмен бағасы, нәтижені жылдам аңғару және кемшіліктерді түзеу, қосымша реттеуді енгізу (уақыт, жас, жыныстық ерекшеліктер, үдде, локация бойынша таргетинг) болжамды нәтиже жасауға мүмкіндік зор. Дәріс беруші бәсекелік арттықшылар қатарында жеке қойма мен тауардың болуы, қызметкерлер, жеке бренд пен сатып алушылар базасының болуын атап өтті. Сарапшы онлайн-клиент оффлайнға қалай өткізіп, оны қалай бақылау керектігін айтты.  


 «Көп құралдар бар. Промокодтар, сатып алудан кейінгі сауалнамалар, кері қоңырау, азық-түлік дәмін тату/сынама сабақ/тестdriv-ке жазылу, байланыс деректерін жинау тәсілдері. Осы тетіктермен белсенді пайдаланыңыз. Клиенттеріңіз қандай әлеуметтік желіде уақты өткізетінін зерттеңіздер.  Instagram және Facebook-ке көңіл бөліңіз, олардың аудиториясы ауқымды. Бейне жарнаманы іске қосып, мобильді құралдарды есте сақтаңыз», – деп кеңес берді маман.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер