«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Колледждерге бөлінетін грант санын арттыру қажет

2018 жылғы 09 Қазан
- Алматы қаласы
5389 просмотров

Қазақстандағы Германия экономикасының 20-шы күнін мерекелеу аясында «Диджитализация дәуіріндегі дуальді кәсіби білім беру» тақырыбында панельді пікірталас өтті.

Пікірталас барысында дуальді оқытудағы оқытушылар рөлі, дуальді білім беруді енгізу ауқымын кеңейтуге ынталандырудың реттеуші механизмін құру, диджитализация дәуірінде дуальді оқытуды қолданудағы заманауи әдістер, кәсіби-техникалық білім берудің беделін арттыру және үздіксіз кәсіби білім берудің тиімді жүйесін құру қажеттілігі, бейресми және информалды білім беру арқылы мамандардың біліктілік деңгейін көтеру сынды мәселелер қаралды.

Сарапшылардың айтуы бойынша елдің үшінші модернизация кезеңінде өндірістер инженерлік мамандарға айтарлықтай зәру. Осы ретте жоғары оқу орындарында жоғары білім бар мамандарды дайындау қалыптаспаған. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Вера Цзин Бірыңғай Ұлттық тестілеу бойынша мемлекеттік гранттар саны күрт өсуіне байланысты 9 сынып бітірген түлектердің басым бөлігі орта мектеп қабырғасында қалады екен. Бұл жайт жұмыс біліктілігі бойныша дайындайтын колледждерге ауыр тиюде. Бұл жайт бизнес мүддесіне қайжы, өйткен кәсіпорындарға бакалавр емес, салалық экономика мамандары – білікті жұмысшылар, техниктер, инженерлер керек.

«Колледждерге, әсіресе арнайы техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары  (осы ретте оқыту мерзімі қысқарып, грант құны 25%-ға азайып, дайындау сапасы артады) бойынша грант санын арттыру қажет деп санаймыз. Бұған қоса «Жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік ережелеріне» сәйкес өзгерту енгізу туралы мәселені қарастыру қажет. Бұл ережелер колледж түлектерін ҚР ҰКП тізіліміне енгізілген салалық қауымдастықтардың сертификаттау орталықтары өткізетін түлектердің біліктілігін тәуелсіз куәландыру нәтижесі негізінде ақылы негізде оқуға қабылдау қарастырылатын еді. Бұл кедергісіз кәсіптік білім беруге, оның ішінде жастарға өндірістен ұзамай маңсаптық өсуге жағдай жасайды.  Бейресми және информалды білім беруді тану үшін кәсіби сертификаттау жүйесін әзірлеу қажет, бакалавр болып отырған өндіріс жұмысшылары инженерлік мектепті аяқтаған соң және өндіріс бойынша қажетті жұмыс өтілі бар олар салалық аттестациялау органы арқылы «Сертификатталған инженер» біліктілігін алуға құқылы, осы бағытта  шетелдің озық тәжірибесін зерттеу керек», – деп ұсынды  Вера Цзин.

 

   Айта кетелік, Қазақстан халқына жолдауында  Мемлекет басшысы: «Жаңа технологиялар, роботтандыру және автоматтандыру еңбек ресурстары мен адами капитал сапасына деген талаптарды күшейтеді»  дап атап өтті. Цифрландыру дәуірінде бизнеске жаңа формацияда: өнеркəсіп революциясының талаптарына сəйкес өнеркəсіптік маңызды құзыреттерге және өнеркәсіптік революция талаптарына сәйкес біліктілікке ие маман керек.

Дуальды білім беру жүйесі – бұл Германияның білім беру жүйесінің әлемге мәшһүр айнасы. Дуальды білім берудің табыстылығы Қазақстанның заманауи өндірістік қоғамға табысты экономикалық трансформациясымен тығыз байланысты. Срапшылардың айтуынша, Германияда дуальды оқыту жүйесі шеңберінде үздіксіз кәсіби білім беру мен мамандарды біліктілігін арттыру инфрақұрылымы құрылған. Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігінің кәсіптік-техникалық саласына модульді технология бойынша оқытуды енгізгені арқасында екі деңгейлі оқытудың тиімді үлгісі қолданылуда, ол колледж түлектеріне бірнеше біліктілік және орта деңгейдегі мамандарды тағайындауды қарастырады. Алайда әлемдік индустриялық қоғамдастыққа ену үшін инженерлік сала керек.

 Іс-шараны Қазақстанда орналасқан Конрад Аденауэр атындағы Қор үкіметі және ҚР-дағы Германия экономикасының одағы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел барысына Германия мен Қазақстан сарапшылары – Неміс Бундестагінің депутаты  Танкред Шипански, «LIB international» кәсіби кеңесшісі  Райнер Гертц, BIBB-де кәсіби оқыту саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойнша Федералды үкіметтің орталық бөлімінің директоры Ханеелоре Кресс, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Ғалия Дәулетова қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер