«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда KIOGE 26-шы қазақстандық халықаралық «Мұнай және газ» көрмесі өтіп жатыр

2018 жылғы 27 Қыркүйек
- Алматы қаласы
5080 просмотров

 Қазақстан мұнай-газ индустриясының айтулы оқиғасына орай 26-28 қыркүйек күндері Алматы қаласында 26-ші қазақстандық халықаралық

Биыл ресейлік компаниялар өнім мен қызмет көрсетудің кең тізбегн ұсынады – мұнай және газ жабдығы, өнеркәсіптік химия, металл конструкциялары, арнайы техника, ұңғымаларға күрделі жөндеуге арналған жабдық, мұнай мен газды өндіру нысандарын жобалау, өндіру мен пайдалануға беру бойынша қызмет көрсету, сонымен қатар мұнай, газ және химия саласында  тасымалдау, өңдеу мен сақтау бойынша қызметтер.  

Ресейлік инновациялық шешімдер мен әзірлемелерді «Атакент» көрме орталығының 9А, 9В және 10 павильондарынан көруге болады.

«Қазақстан мен Ресей арасында сан ғасырлық достық пен өзара тиімді қарым-қатынас бар. Экономикалық байланыстың сүбелі саласы – отын-энергетикалық кешен. Сондықтан KIOGE сынды ірі көрме міндетті түрде ресейлік серіктестер қатысуымен өтіп, сонымен қатар нарығымызға енді кіріп жатқан өндіруші-компаняилар қатысуымен өтуі керек», – деді Қазақстан Сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы Аян Еренов.

 Ресейлік біріккен экспозиция құрамына кіретін ірі экспорттаушы компаниялардың жетекшілері көрмеден алған әсерлері мен қазақстандық нарыққа деген жоспарларымен бөлісті.

 «Нарықпен байланысып, оның сұранысына жауап беру арқылы біз Қазақстанға да басқа да мемлекеттер нарығына да пайдалы болатынымыз сөзсіз», – деді «Турбулентность-ДОН» МК Директорлар кеңесінің төрағасы Игорь Амураль.

Қазақстандық нарықта ресейлік компаниялардың жаңа мүмкіндіктері туралы «Силур» ЖШҚ коммерциялық директоры Игорь Бурчиков өз ойымен бөлісті.

«Ресей мен Қазақстан арасында бұрын болған кедендік кедергілер екі ел арасындағы кәсіпорындар жұмысына  айтарлықтай тосқауыл болған. Кеден одағын құру және артық әкімшіліктендірәден бас тарту заманауи өнімдер мен технологияларды алмасу бойынша ынтымақтастықты жеделдетуге серпін берді. Бұл Ресейдің мұнай өңдеу және мұнай-химия кәсіпорындарының жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік беріп отырған   термо кеңейтілген графит негізінде инновациялық нығыздауды әзірлеп, өндіретін «Силур» компаниясына да оң әсер етті. Алматыда өткелі жатқан көрме екі елдің кәсіпорындары арасындағы байланысты жаңа деңгейге шығарады деп сенеміз», – деді Игорь Бурчиков.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер