«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы компаниялары сатып алуларға қатыса алатын өнім түрлерін таныстырды

2018 жылғы 25 Тамыз
- Алматы қаласы
5230 просмотров

Мемлекеттік тапсырысқа қалай қатысуға болады? Алматының жаңа құрылыс нысандарын салғанда олар компанияңыз өндіретін материалдарды сатып алулары үшін не істеу керек? Осы және басқа да мәселелер Алматы қарасы кәсіпкерлер палатасы алаңында өткен отандық тауар өндірушілерді қолдауғаарналған дөңгелес үстел барысында көтерілді. Аталған іс-шараны ӨКП Сатып алу және жергілікті қамту бөлімі ұйымдастырды.

 Іс-шараға Алматы қаласы әкімдігі, жобалау институттары менотандық тауар өндірушілер қатысты. Бизнесмендер өзщ компнаияларі мен өнімдерін таныстырды, шенеуніктер мен Кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен бірге  мемлекеттік сатып алулар саласында орын алып жатқан мәселелерды талқыға салды.

 Бизнесмендердің айтуынша оларға сатып алуларға қатысу тым қиын, өйткені қатысушыны таңдау кезінде ең төмен баға көрсеткен компания жеңске жетеді0 сонымен қатар құжат рәсемдеуде де біраз түйткіл бар.

 «Бізге кейде өзге нарықта жұмыс істеген анағұрлым жеңіл, мәселен Ресейде, онда барлығы ашық, ашық тендерлер, оған эоектронда платформа арқылы қатысасын, ешкім ештеңе сұрамайды, ал басты критерийлер – баға, сапа, мен орындау миерзімге негізделген», – деді «Сервис безопасности» ЖШС директоры Андрей Битнеров. 

Кәсіпкерлер жобалау кезеңінде қазақстандық тауарлардың назарға алынғнанын қалайды.

 «Жобалауы жобаға өнімді енгізгенде Қазақстанда шықпайтын тауар болғандықтан шетелге таңдау жасауы орынды. Ал егер біз сондай тауарды шығарып отырсақ, ал жеткізуші шетелдік өнімді таңдаса, осы әрекет дұрыс емес. Осылйша ақшамыз басқа елдер бюджетіне кетіп отыр. Осының барлығы ел экономикасына кері әсерін тигізеді. Жоблаушылармен жұмыс істеу керек, уақытылы ақпарат беріп отыру керек, осылайша олар қазақстандық өнімді назарға алатын болады. Ал бізге бісекеге қабілетті болу үшін төмен бағаны ұстап тұру жөн», – деді «АрселорМиталл» сату бөлім бастығы Диас Қожахметов.

 Дөңгелек үстел қорытындысы бойнынша жақын арада бас мердігерлермен және мемлекеттік сараптаманың қатысуымен кездесуді ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер