«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үндістан кәсіпкерлері Қазақстанда шай бизнесін жолға қоймақ

2018 жылғы 25 Тамыз
- Алматы қаласы
6680 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасына Үндістаннан делегация келді. Оның құрамында шай өнеркәсібінің өкілдері: плантациялардің иелері, ірі жеткізушілер, Үндістан Шай Кеңесінің қызметкерлері бар.

 «Біз Қазақстанға нағыз үнді шайдың үздіксіз жеткізілімдерін қамтамасыз етуді қалаймыз. Қазіргі таңда бұл қиынға соғып тұр: қосымша құн салығы тым жоғары әрі кедендік рәсімдеулер көп. Біз ынтмақтастықтың екі нұсқасын: Қазақстанда бірлескен өндірісті  ашу және қазақстандықтар сусынның нағыз дәмін сезінуі үшін кез келген қалада Шай орталығын ашуды ұсынамыз», – деді Үндістан Шай Кеңесі директорының орынбасары Арун Кумар Рэй.    

 

Палата қызметкерлері әлеуетті инвесторларға Алматы қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына баруды ұсынды.

 «Біз ұсыныстарыңызды қарауға дайынбыз әрі ынтымақтастық орнатуға қуанамыз. Кәсіпкерлер палатасы жанынан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Өтініш беріп, құжаттарды тапсыру арқылы менеджерлер жобаңызға сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Мамандарымыз жеке өндірісті ашуға көмектесіп қана қоймай,  салықтық, бухгалтерлік есептерді жүргізуге көмектесіп, заңгерлік қызмет көрсетеді. Барлық консультациялар тегін. Сонымен қатар шай сату бутигін ашу бойынша ұсыныстарыңызды  қараймыз. Ол үшін сіздерді Қазақстанның шай өнеркәсібі өкілдерімен кездестіреміз, келіссөздерді ұйымдастырамыз», – деді Алматы қаласы ӨКП директорының орынбасары Айтуар Қошмамбетов.

Кездесу аяғында қатысушылар жуырда іскерлік келіссөздерді жүргізу туралы уағдаласты.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер