«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бухгалтерлер клубында Жалдау шарттары тізілімі талқыланды

2018 жылғы 23 Тамыз
- Алматы қаласы
4929 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы Бухгалтерлер клубының кезекті отырысында кедендік органдар алатын міндетті төлемдер және Жалдау шарттары тізілімін талқыға салды.

Кеден тақырыбы бойынша спикер ретінде Қазақстан Кедендік брокерлер қауымдастығы Кеңесінің төрағасы, «KLS» ЖШС бас директоры Геннадий Шестаков шақырылды.

 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» жаңа кодексінің шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.02.2020 ж. № 244 «Төлеушінің жеке шоттарын жүргізудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы күшіне енді. Осыған байланысты баж салығы, салықтар, кедендік жинақтар мен басқа да төлемдерді резиденттер, резидент еместер – заңды тұлғалар төлеушінің тіркелген орны (тұрғылықты жері) бойынша мемлекеттік табыс органында төленеді, ал жеке тұлғалар – резидент еместер – тауарды шығарған жерде төлейді.

 Клуб қатысушыларына Жалдау шарттары тізілімін түсіндірілді – 871.00 форма – жаңа форманы кім таныстырады, ол неден тұрады, онда қандай мәліметтер онда жазылады және форманы өткізудің аралығы қандай деген саулдарға жауап берілді.

 Клуб қатысушылары сауалдарына Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері – Мейрамкүл Еркін, Әсемгүл Жаюқанова, Дәурен Тілекеев жауап берді.

 Спикерлердің айтуынша, биыл кейбір жалға алушылар салық есептіліктің «Жалдау (пайдалану) шарттары тізілімі» 871.00 формасын тапсыру керек.

 871.00 формасын құру ережелеріне сәйкес, бұл форманы жалға сауда объекітлерді, сауда объектілерінде, оның ішінде сауда базарларында сауда  орындарды жалға беретін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкеплер береді.

 871.00 формасы салық төлеуші, сауда нысандары туралы егжей-тегжейлі ақпарат бар косымша мен  негізгі формадан тұратын  тізілім.

 «Клубта талқылауға тақырыптарды қалай таңдаймыз? Оп-оңай! Біз Клбу мүшелеріне қарап бағдар жасаймыз, яғни бухгалтерлердің өтініміне қарай белгілі бір салада білікті спикерлерді шақырамыз. Осындай жұмыс бухгалетрлер клубын сұранысқа ие әрі танымлар етіп отыр», – деді Клуб модераторы, ӨКП Өңірлік кеңесінің төрағасы Юрий Тілеумұратов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер