«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жұмыссыздықтан – іскерлікке

2018 жылғы 31 Шілде
- Алматы қаласы
5567 просмотров

Алматыда 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында кәсіби оқытудың бірінші легі аяқталды.

Жобаға Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы, Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығы, оқу орталықтар мен колледждері қатысты. Үш ай бойы жұмыссыз қыз-келіншектер «шаштараз», «маникюр мен педикюр шебері», «салон әкімшісі», «визажист», «тігінші» мамандықтарының негізін игерді.

 «Фабрикамызға 31 адам келді. Олардың барлығы Жұмыспен қамту орталығында жұмыссыздар деп тіркелген болатын.  Барлығы жұмыс өтілі жоқ, 20-55 жас аралығындағы қыз-келіншектер. Мұнда тігу технологиясын үйреттік, қазір олар жаға, қалта тігуді, пішуді үйренді. Күрделілігі орташа, астары жоқ киімдерді тіге алады. Ең батыл қыздар кеш көйлектерін тігуге  тапсырыс алып жатыр, нәтижесі де жаман емес. 15 әйелді кәсіпорынға жұмысқа алдық, қалғандары – жеке кәсіп ашуға дайын бизнесвумендер. Олар жеке кәсіп ашып, грант (100 АЕК) алуға құжат тапсырмақ. Негізінде осы қаражат шағын ательеге қажет  жабдық, фурнитура мен мата алуға толығымен жеткілікті», – деді «Казлегпром-Алматы» ЖШС жанынан құрылған «Шебер» оқу орталығының директоры Бибігүл Нәбиева.

 

 

 «Шебер» оқу орталығы мемлекеттік бағдарламаға 2015 жылдан бері қатысып келеді, осы уақыт аралығында мұнда (көбі жұмыспен қамтылған) 700-ге жуық адам оқып шықты. 2017 жылдан бастап бьюти-индустрияға арналған мамандарды «Арт-баланс» оқу орталығында дайындайды.

 «Бүгін біздің бірінші түлектер қанат қағып жатыр, 2018 жылы 23 шаштараз бен 10 визажист оқуларын тәмамдады. Бізге оқуға кімдер келеді? Жұмыссыздар, колледж студенттері мен біліктілігін арттырғысы келетін визажистер мен шаштараздар келеді. Былтырдан бастап 80 адамды оқыттық, олардың басым бөлігі Алматының сұлулық салондарында жұмыс істейді. Оларда жаңа өмір басталып, алға қойған мақсаттар көбейді. Айына екі рет біз үздік оқушылакрмен бірге «Мейірім» хосписіне барып, науқастардың шашын тегін қиып тұрамыз. Мемлекетт тапсырысы арқылы адамдарды оқытып, жан-жаққа әдемілікті сыйлауға мүмкіндік берген «Атамекен» ҚР ҰКП мен Жұмыспен қамту орталығына алғыс білдіргіміз келеді», – деді «Арт баланс» оқу орталығының оқытушылары Елена Адактилос және Игорь Телғараев.  

Биыл Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша Алматыда 1000 адамды оқыту жоспарланған.


 

 "2018 жыл 30 шілдеге сәйкес Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының тізілімінде тіркелген 6 оқу орталығында 250 тыңдаушы оқып жатыр. Оқыту кәсіпкерлік негіздерін оқыту модулін қамтитын жұмыс берушілердің қатысуымен білім беру ұйымы әзірлеп, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мақұлдаған оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіліп отыр. Осыған байланысты  жылдың басынан ӨКП-мен бірлесіп, 210 жұмыс оқу жоспарын, оқу ұйымдарымен Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша өңірлік комиссия тізбесіне кірген 823 оқу бағдарламасы мақұлданды. Қазіргі таңда білікті әрі  сұранысқа ие мамандарды шығару ӨКП қызметінің жемісті нәтижесі болып отыр», – деді Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Гүлмира Мырза-Ғали


Еншілес ұйымдар

Серіктестер