«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы жаңа кеңседе

2018 жылғы 09 Шілде
- Алматы қаласы
7069 просмотров

1 шілдеден бастап Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы «Жібек жолы» әкімшілік-сауда кешенінде жұмыс істейді.

Бизнес-орталықтың салтанатты ашылу рәсімі 6 шілдеде Астана күнінде өтті. Палатаның жаңа кеңсесіне алғаш болып Алматы қаласы әкімінің орынбасары Алмас Мәдиев пен Алмалы ауданының әкімі Жасұлан Естенов келді. Алмас Мәдиев заманауи, жайлы жұмыс орнын, open space тұжырымдамасы мен қала бизнесі үшін ыңғайлы орналасқанына лайықты баға берді.

Қонақтар Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар Жергілікті қамту үлесін бақылау комиссиясының келесі отырысын жаңа кесенің мәжіліс залында өткізу келісілді.

«Жібек Жолы» бизнес орталығы құрылыс гипермаркеті ретінде танымал. Ол Мега және ЦУМ сауда кешендері орналасқан ауданда тұр. Сауда орындарының жалпы ауданы - 48 700 м2, ал кеңсе орындары – 29 500 м2.

Еске салсақ, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы 1 шілдеден бастап жаңа мекенжайға көшті: Алмалы ауданы, Жібек Жолы даңғылы, 135/10 а (Амангелді кшесінің қиылысы), «Жібек Жолы» БО, 8-қабат, 2-3-блоктар.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер