«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда  Start-up форумы өтті

2018 жылғы 03 Шілде
- Алматы қаласы
6433 просмотров

Алматыда кәсіпкерлікке кадам басқандарға арнап бизнес-бастамалардың шарасы өтті. Табысты кәсіпкерлердің қатарынан шақырылған сарапшылар қолдану құралдары туралы түсіндіріп, бизнес бастағанда жол бермеуге тиісті қателіктер жайлы айтты. Форумды ұйымдастырғана Айдар Аманбай мен Абай Қожағалиев табысқа жетуге мүмкіндік беретін фактордың бірі – білім екенін алға тартты.

Start-up форум спикерлері кез келген кәсіпкердің жолында туындайтын идея, сату, топ құру және брендингтен бастап маркетингке дейінгі қаржыға қатысты негізгі қадамдармен бөлісті.

«Заманауи басшының келбеті қандай? Оның негізгі қасиеттері: ашықтық, әлеуметтік тұрғында белсенді, спортпен айналысатын, жеке бренді қалыптасқан, психологияны меңгерген, адамдарды басқара алатын, мета хабарламаны қабылдайтын, икемді, танымал, әмбебап, көңіл-күйін басқара алатын адам. Табысты арттыру үшін жасампаз ой керек. Қашанда бәріне үлгеріп, өзгермелі ортаға бейімделіп, тез шешім қабылдауы тиіс», – дейді Асқар Аманбаев.

Спикерлер қатарында жарнама саласының кәсіби маманы Виктор Елисеев те дәріс оқыды. Ол интернетті пайдалану, табысты арттыруда сайтты қалай жсау керектігін, тауарды интернетке шығарудың әдіс-тәсілдері жайлы ой бөлісті. Форум қатысушыларына қызметкерлерді басқару, сауатты баға белгілеу, қаптама, клиентті сатып алуға ынталандыру жолдары туралы ақпарат берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер