«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанда франчайзинг желісін қалай дамыту керек?

2018 жылғы 29 Маусым
- Алматы қаласы
6677 просмотров

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының Franch Day клубында франчайзингтік бірегей желісін құру мәселесі талқыланды. Dass&Partners халықаралық заң компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Даяна Асанова атап өткендай, франчайзингті компанияңыздың құндылық жүйесімен қамтамасыз ету маңызды.

«Серіктесіңізді әрдайым сүймелдейсіз. Оған сату бойынша ұсыныс, сервис, сараптама, қызметкерлерді оқыту, тауарды дұрыс сатып алуға үйрету, салық төлеу, басқарма шешімі кіреді. Яғни тез жинақталуға болады: нарыққа шығуға көмектесетін компанияға 1 млн теңгеге дейін төлеп, франшизаны сату. Бірақ сіздің желіңіз ұзаққа бара ма? Сауатты сүйемелдеусіз мүмкін емес. Ол үшін өніміңіздің құндылық желісін қалыптастыру керек. Контент табыс алуға ықпал етіп, франчайзинг желісінің тұрақты клиенттерін қалыптастырғаны маңызды», – деп ой бөлісті Даяна Асанова.

Даянаның табысты бизнесі бар. Оның Қазақстандағы компаниясы халықаралық нарыққа шықты, Лондан, Нью-Йорк, Дубайда өкілдіктері бар. Таяуда Dass&Partners Қазақстан франчайзинг қауымдастығына жүгініп, өз франшизасын шетелдіктерге – Ресей, Украина және Беларусьтағы заң компаниясына көрсетуге дайындалуды бастады. Қарқынды келіссөз жүргізуде.

Мақсат Ақатаевтың дәрісі де пайдалы болды. Консалтинг, қаржы және жобаны басқару саласында сарапшы, KBS Group және Қаржыгерлер клубының негізігін қалаушы Мақсат Ақатаев жобалық тәуекелдерді басқару туралы ой бөлісті. Бүгінде Қазақстанда әлемге франшиза беретін 50-ден астам отандық компания және халықаралық ірі брендтермен жұмыс істейтін 400-ден астам франчайзинг-компаниялар бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер