Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының мекенжайы өзгереді
Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы басқа ғимаратқа көшеді
1 шілдеден бастап Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Жібек жолы көшесі, 135/10 (жібек жолы және Амангелді көшелерінің қиылысын) мекенжайындағы көпфункционалды кешенге орналасады.
Кешеннің артықшылығы – қала орталығында орналасқан, көлікпен жүретін және жаяу жүретін азаматтардың келіп-кетуіне қолайлы. Бұл кешенде ауданы 100 000 ш.м. болатын құрылыс гипермаркеті орналасқан, еуропалық форматтағы танымал брендтер қойылғандықтан, Қазақстандағы бірегей әрі әзірге жалғыз кешен болып саналады.
Заманауи жайлы кешеннің 8-қабатындағы 2-3 блокта «Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы орналасатын болады. Кәсіпкерлердің ыңғайлылығы үшін кешен ғимаратында автокөлік қоятын орын бар, оған Жібек жолы көшесі арқылы кіре алады.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгермейді, бұрынғы Достық даңғылы, 160 ғимаратында жұмыс істейді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: